Қазақстанда 18 градусқа дейін аяз болады
Қазақстанда 14-16 қарашада ауа температурасы біртіндеп төмендейді, — деп хабарлайды "Қазгидромет".
«Орталығы Екатеринбургте орналасқан ылғалды циклон Қазақстанның көп бөлігінің ауа райын анықтайды. Жауын-шашын, кей жерлерде қатты, көбінесе қар түрінде жауады, жел күшейеді, солтүстік жартысында бұрқасын болады. Еліміздің батыс аймақтарына циклонның артына суық солтүстік-батыс антициклонның жылжуымен 15 қарашадан бастап жауын-шашынның тоқтауы болжанады», — делінген хабарламада.