Әлеумет

Қазақстанда 2027 жылдың соңына дейін қазақ тілінің емле ережелері жаңартылады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінің орфографиясын біріздендіріп, жазу тәртібін ретке келтіруді тапсырды.

Фото: ашық дереккөзден

Президенттің айтуынша, қазір бір сөз бен ұғымның өзі әртүрлі жазылып, соның салдарынан түсінбеушілік туындап жүр.

Мемлекет басшысы қолданыстағы ресми орфографиялық сөздік 1983 жылы бекітілгенін еске салды. Ал кейінгі жылдары жарық көрген жаңа басылымдар әзірге мемлекеттік мәртебеге ие емес.

Осыған байланысты Тоқаев бірыңғай емле ережелерін әзірлеу және сөздіктерді жаңарту жұмысын жеделдетуді тапсырды. Президенттің пайымынша, болашақта қазақ тілі ғылым мен өнеркәсіп салаларында толыққанды қолданылатын тілге айналуы керек.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: қазақ тілі