Қоғам

Қазақстанда алимент қарызы барлардың табысын такси қызметтері мен букмекерлік кеңселер арқылы тексереді

Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов хабарлады.

Фото: БАҚ

Сот орындаушылар алимент бойынша қарызы бар адамдардың табысы туралы мәліметтерді такси жүргізушілері мен курьерлер жұмыс істейтін онлайн платформалардан, сондай-ақ букмекерлік кеңселер мен казинолардан сұрата алады. 

Бұған дейін сот орындаушылары мемлекеттік органдардың, банктердің және еңбек шарттарын есепке алу жүйесінің деректерін пайдаланып келген. Енді бұл арна кеңейді.

Бектеновтің айтуынша, алимент қарызы адамның нақты жалақысы мен басқа да табыстарына қарай есептеледі. Егер ол жұмыс істемесе немесе табысын растайтын құжаттары болмаса, қарыз елдегі орташа жалақы негізінде есептеледі. Қажет болған жағдайда борышкердің мүлкі де өндіріп алынуы мүмкін.

Сайт Әкімшілігі