Саясат

Қазақстанда дауыс беру аяқталды

Қазақстанда Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау аяқталды.

Jasalash.kz

Бір сағаттан кейін уақыт айырмашылығына байланысты батыс аймақтарда дауыс беру аяқталады, — деп хабарлайды «Жас Алаш»

Еліміздің азаматтары 14 облыста және үш республикалық маңызы бар қалада 10 мыңнан астам сайлау учаскелерінде дауыс берді. Шетелдегі қандастарымыз да дауыс берді — олар үшін 51 елдегі 66 сайлау учаскелері ашық болды. Бірінші болып Жапониядағы қазақстандықтар, АҚШ пен Канададағы Қазақстан азаматтары дауыс берді.

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 18.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 58,2% бюллетень алды.

Сайлауға барлығы бес партияның кандидаттары қатысуда. Олар бюллетеньде келесі ретпен орналастырылған:

1. Қазақстанның Халықтық партиясы;

2. «Нұр Отан» партиясы;

3. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы;

4. Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы;

5. «Адал» саяси партиясы.

Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың соңғы нәтижелерін жеті күн ішінде — 2021 жылдың 17 қаңтарына дейін шығарады.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега