Қазақстанда "Додо Пицца" сервисі істемей қалды
Қазақстанда "Додо Пицца" желісінің сайты мен мобильді қосымшасы істемей қалды.
Салдарынан пайдаланушылар жеткізуге, өздері алып кетуге немесе пиццерияның өзінде тапсырыс рәсімдей алмай отыр.
Компанияның хабарлауынша, ақауға түнде бұлтты қызмет көрсететін провайдер жүйесінде болған ірі апат себеп болған. Қазір мамандар сервистердің жұмысын қалпына келтіруге күш салып жатыр. Алайда жүйенің қашан толық іске қосылатыны әзірге белгісіз.
Алдын ала тапсырыс беріп, ақысын төлегенімен, тағамын ала алмаған клиенттерге қаражат қайтарылатыны айтылды. Ақшаны қайтару өтініштер тексерілгеннен кейін жүзеге асырылады.