Әлеумет

Қазақстанда екі науқас коронавирустан жазылды

Қазақстанда екі емделуші коронавирустан жазылды. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирі арқылы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев хабарлады.

Jasalash.kz

«Брифингті жақсы жаңалықтан бастағымыз келіп отыр. Екі емделуші коронавирустан айықты. Қазір олар соңғы тексеру сараптамаларын тапсыруда. Бұйыртса ауруханадан ертең шығады. Бұл — біздің коронавируспен күрестегі жеңісіміз. Басты дүние осы деп айтуға болады. Ең алдымен бұл — дәрігердің жанкешті еңбегінің жемісі. Сондықтан Үкіметтің және барша қазақстанықтардың атынан медцина қызметкерлері мен Денсаулық сақтау министрлігінң қызметкерлеріне алғыс айтуға рұқсат етіңіздер. Кез келген маман үшін ең бастысы — өз еңбегінің нәтижесін көру. Сол нәтиже үміт пен қуат береді», — деді Дәурен Абаев.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега