Қоғам

Қытайдың 13 азаматы Қазақстанда интернет-алаяқтықпен айналысқан

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз көші-қонға қарсы күрес аясында ел аумағында заңсыз жүрген Қытайдың 13 азаматын анықтады.

Фото: ҰҚК

Тексеру барысында олардың халықаралық интернет-алаяқтық схемасын ұйымдастырғаны белгілі болған.

ҰҚК мәліметінше, шетелдіктерден көптеген компьютерлік техника, ұялы телефондар, "Starlink" спутниктік интернет жабдықтары және криптоәмияндарда сақталған ірі көлемдегі қаражат табылған.

Тергеу деректеріне сәйкес, топтың әрекеттері Қазақстан азаматтарына емес, басқа елдердің азаматтарына қарсы бағытталған. Алаяқтық схемасы шетелден үйлестіріліп отырған.

Осыған байланысты тексеру Қытай Халық Республикасының Қоғамдық қауіпсіздік министрлігіндегі әріптестермен бірлесіп жүргізілген. Нәтижесінде ұсталғандардың кейбірі өз елінде осындай әрекеттері үшін іздеуде жүргені анықталған.

2026 жылғы 16 қазанда Қытай азаматтары әкімшілік тәртіппен Қазақстан аумағынан шығарылып, одан әрі тергеп-тексеру жүргізу үшін Қытайдың уәкілетті органдарына тапсырылған.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: ҰҚК Қытай