Қазақстанда карантин халық биліктен не күтеді?
"Құдай бетін әрі қылсын", десек те, 13 наурыз күні елімізде алғашқыкоронавирус жұқтыру дерегі тіркелді.
Қазір тоғыз адамнан аталған індет табылып,1090 адам карантинге жатқызылды. 452 адам үйінде карантинде отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурыздан 15 сәуіргедейін елде төтенше жағдай жариялады. Қаулы бойынша, 16 наурыздан бастап мектепоқушылары үшін демалыс жарияланып, университет студенттері онлайн режиміндебілім алуға көшті. Барлық іссапарларға тыйым салынады. Қоғамдық көліктерде,адамдар көп жиналатын жерде міндетті түрде дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі. Санитарлық-профилактикалықшаралар қарттар үйінде және өзге де жерлерде күшейтіледі. 1А, 1В, 2-шіжәне 3-санаттағы елдерге сапарлауға тыйым салынды. Базарлар мен сауда орталықтарыжұмыс істегенімен, кинотеатрлар жұмыс жасамайды. Үкімет маскалар мен визуалды қорғаныс құралдарынақатысты мәселелерді шешеді.
Жарияланған шаралар 16 наурыздан бастап күшіне еніп, оларды жою туралы шешім қабылданғанғадейін қолданылады.
Міне, біздің билік қабылдаған сақтық шараларыныңреті осындай. Дегенмен 13 наурызда коронавирус дерегі анықталасалысымен, халық арасында дүрбелең басталды да кетті. Біреулер қап-қабымен азық-түлікалуға жүгірді. Енді бірі банкте жатқан жинақ қаржысын суырып алды, тіпті, ірі қалаларданалыс ауылға кетуді де көздеп отырғандар бар. Бағамдасақ, халықтың осылайабдырап қалуында үлкен бір себеп барсекілді. «Оған себеп – жаманат хабарды атқарушы биліктің сауатты әрі сенімдіжеткізе алмауында» дейді мамандар. Бұл ретте, «Жас Алашқа» пікір білдірген әлеуметтанушыАйдана Тілеубердина: «Сауатты мәлімдеме жасалмады. Еліміздің бас санитарыЖандарбек Бекшиннің мәлімдемесі халық арасында күлкіге айналды. Әлеуметтікжелілерде «билік ауысады, бұл соған орай ұйымдастырылып жатқан саяси ойын. Елдікөшеге шығармау үшін жасалып жатқан шара», деген сөздер желдей есті. Халық неістерін білмей қалды», –дейді Айдана Тілеубердина.
Бекшин күлдірді, Біртанов үркітті
Маманның пайымынша, осы орайда, құзырлы орындар халықпен тікелейбайланыс орнатып, сауатты ақпарат жеткізіп отыруы тиіс. Алайда халық арасында түсіндіружұмыстары жүргізілмеді. Осыдан барып, көпшілік дүрлігіп кетті.
Жалпы, тәжтажалды «әлемдік пандемия» депжариялай салысымен бізді былай қойғанда, алпауыт елдердің де еңсесі түсебастады. Қытай мен АҚШ-тың қорбиржаларындағы құнды қағаздардың бағасы төмендеді. Әлемдік нарықта мұнай бағасы33 долларға дейін құлдырды. АҚШ қор биржасы 30 жылда болмаған құлдырауды бастанөткеріп, беделді акциялардың құны 7-9 пайыз аралығында арзандады. Анау-мынауғаыға бермейтін АҚШ президенті Трамптың өзі өткен жұма күні тәжтажалдан қаймығып,елінде төтенше жағдай жариялады. Ал бізде атқарушы билік сыр алдырмайтын салқынқандыма болмаса, жайбарақат па, әйтеуір, 9наурыз күні елге Германиядан ұшып келгендердің арасынан коронавирустың табылғаны13 наурыз күні ғана хабарланды. Қазір сол күнгі Варшава–Нұр-Сұлтан, Франкфурт–Нұр-Сұлтан, Мәскеу–Нұр-Сұлтан бағытында елге ұшып келгендерді жарияға жар салып, олардың қажеттізертханаға барып қан талдамаларын тапсыруын, тексерілуін ел болып өтініп отырмыз.Бұл арада «Германиядан келген адам нақ сол күні бірден әуежайда қатаң бақылауғаалынып, неге тексерілмеген? Олар 9наурыздан бері қаншама адаммен қарым-қатынаста болды? Неліктен осынша бейқамбыз?»деген сауал туындайды.
Қалай десек те, аты жаман індетті елімізгеенгізіп алдық. Карантиндік режимге өттік. Осы тұтса біздің биліккеәбжілдікпен қоса, сауаттылық, нақтылық керек екенін бағамдадық. Халыққа қазірбас санитар Ж.Бекшин тәрізді «наконец-то вирус келеді» деп жар салу болмаса, денсаулықминистрі Е.Біртанов айтқандай, «елдекоронавирус таратқандар жазаланады» деп үркіту, сауда министрі Бақыт Сұлтановайтқандай, «тауықтар бұрын қалай жұмыртқалады– солай жұмыртқалай береді, сиырлар қалай сауылды – солай сауыла береді» дегенсайқымазақ мәлімдемелер қажет емес. Халыққа елдің қамын күйттейтін шынжанашырлар керек болып тұр.
Мұнай да бас қайғыболды
Қазір тәжтажалмен бірге қара алтынның да бағасытүсіп, көк қағаздың құны аспандап тұрған сәт. Мұнай құлағаннан кейін елде 1 доллар 440 теңгені құрады. «Теңге сабан ақшаболады екен. Теңгенің бір нөлін алып тастайды екен» деген пікір желдей есті. Экономист-ғалымЖаңабай Алдабергенов: «Әу бастағы болжам осы болатын. Қытайдан шыққан эпидемиябар, ОПЕК пен АҚШ-тың келісімге келе алмауы бар – мұның барлығы мұнай бағасына әсерететіні белгілі болды. Мұнай бағасының 30 долларға дейін түсетіні болжанды. Осыуақытқа дейін мұнайдың бұрынғыдай болмайтынын бірнеше мәрте айттық, жаздық.Алдағы уақытта шикізатқа байланған елдер үшін қиын болады», – деді бұл мәсележайында.
Маманның айтуынша, мұнай бағасының түсуі сәуіргедейін жалғасуы мүмкін. Одан кейін, біртіндеп мұнай 40 долларға дейін көтерілебастайды. Бірақ ендігі кезекте қара алтынның бағасы баз баяғыдай 90-100 долларболады деп үміттенудің қажеті жоқ. «Себебі қазір нарықта мұнай өте көп. Мұнайдыалмастыратын синтетикалық мұнай өндіріп жатқан елдер де бар. Болашақта әлемшикі мұнайға тәуелділіктен арылады. Сондықтан мұнай қымбаттайды деп үміттенбеукерек», – дейді маман.
Осы жайттарды ескерсек, біз үшін үшжылдықбюджетті жоспарлау да тиімсіз болып қалуы мүмкін. «Сондықтан доллардың қымбаттап,мұнай бағасының құлдырауына қарай, ел үкіметібюджетті бір жылға жоспарлап, әр тоқсан сайын игерілмей жатқан қаржылардыесепке алып, дұрыс бағыттап, әлеуметтік салаларға бөлінетін қаржыны қатаң бақылапотыруы қажет. Халыққа керегі де осы», – дейді маман.
Карантин де қыспаққаалды
Сала мамандарының айтуынша, доллардың қымбаттауыментұспа-тұс келген карантин де нарықты қыспаққа алды. Халық карантиндік режимді «үшапта бойы азық-түлік сататын супермаркеттер де жабылады» деп түсінді ме, әйтеуір,13 наурыздан бастап дүкендердегі, супермаркеттердегі азық-түлікті талап алыпжатты. Қаржыгер Арман Мусин: «Бұл әрекеттен саудагерлер мен делдалдар пайда көрді.13 наурыз күні Алматыдағы супермаркет желілері күшейтілген мерзімде жұмысістеген. Халықтың көптігінен супермаркеттегі азық-түліктердің 80 пайызы өтіп,сауда дүкендері қордағы сақтаған өнімдерін шығаруға мәжбүр болған. Бірескеретіні, халық тауарды қымбаттатып қойса да, талап алып жатты», – дейді.
Вирустың шыққанынан бөлек, өткен аптада долларөскелі Алматыдағы азық-түліктің бағасы қымбаттап сала берді. Бір апта бұрын 1литр сүтті 220 теңгеге алсаңыз, қазір 280 теңге. Қалада азық-түлік өнімдерінебір аптада 30-40 теңгеге дейін қосылған.«Мұндай үрдіс тұтыну өнімдеріне қатысты да қалыптасқан. Қалада 1,5 млн халық бар. Олардың тұтыну шығыны 2019жылдың соңғы алты айымен салыстырғанда (7,9 пайыз) 2020 жылдың соңғы үш айында 9,1 пайызға өскен. Биыл қала халқының үш айдағы тұтыну шығыны123 338 теңгені құрайтын орташа республикалық деңгейден 1,5 есе көп», – дейді қаржыгерАрман Мусин.
Азық-түлік әлі қымбаттайбере ме?
Доллар қымбаттап,карантиндік режим басталғалы елде қымбатшылықтың қатты өршіп кеткенін алға тартқанмамандар бар гәп импортқа тәуелділікте жатқанын ашып айтты. «Алдағы уақытта Қытайданшыққан эпидемия салдарынан шекараның жабық екенін ескерсек, өнім әлі де қымбаттайбереді», – дейді сала мамандары.
Қазір Қазақстанмен Қытай арасындағы шекара жабық. Жаңа жылдан бері «Қорғас» бекеті де жабық тұр.«Халық азық-түлікті жаппай алып жатқандықтан, саудагерлер қазір қорда артық тұрғантауарлары мен азық-түліктері үш айға дейін жететінін айтып отыр. Қордағытауарлары мен азық-түліктеріне олар қазірдің өзінде екі еселеп баға қоярыдаусыз. Сондықтан әзірге өнім арзандайды деп күту қисынға келмейді», – дейдіэкономист-сарапшы Марал Төртенова.
Мамандарсәуір, мамыр айларында отандық жылыжай өнімдері нарыққа шыға бастағанда көкөніс,жемістердің арзандауы мүмкін екенін де ескертеді. Ал оған дейін осылай қымбат өнімдердітұтынуға тура келмек.
«Қара базарда» қорқынышбар
Азық-түлікайналдырған бір-ақ аптаның ішінде қымбаттағанымен, «қара базарда» киім-кешекке асасұраныс жоқ. Бұл ретте біз Алматының «барахолкасына» да бас сұғып көрдік. Ондағысаудагерлердің айтуынша, ақпан айынан бері сауда-саттық тоқтап тұр. «Ақпан айынан бері шекара жабық. Кейбіріміздіңтауар тиеген көліктеріміз шекарадан бері қарай өте алмай қалды. «Қорғас» бекетіде жабық. Пекиннен тауар әкеліп жатқан ешкім жоқ. Сауда жоқ. Елге қазіркиім-кешектен гөрі азық-түлік алу маңызды. Десе де, базардағы киім-кешек бағасы10-15 пайызға қымбаттады», – дейді қара базардағылар.
СаудагерлерАлматы базарларына енетін тауарды енді Түркиядан, Бішкектен тасуда. Бұрын Қытайданалатын болса, қазір Түркиямен арадағы кедендікбаж салығы, кедендік әкетілім салығы, кеден аумағында тауарды әкелу кезінде қосылатынқұн салығы, кеден аумағына тауарды әкелу кезінде тауарды акциздеу – барлығынаалынатын төлемақы мүлде бөлек. Осының барлығының шығынын саудагерлер өнімнің бағасынаншығарып алғысы келеді. Сондықтан олар киім-кешек бағасын амалсыз көтеруге мәжбүр.
Сондай-ақ базарда сауда жасайтындар бойда қорқынышбарын да жасырмады. «Базарда жүрген қытайлардан қорқамыз. Бұлар жерлестеріменбайланысып отырады ғой. Жаңа жылда елдеріне барып, туыстарымен қауышыпкелгендері де бар. Осында жұмыс істейтіндері көп. Саудамыздың жай-күйін ойлаптағы қорқамыз. Негізі, бізге «Қорғастан» тауар тасу ыңғайлы еді. Шекара жабылғалыТүркиядан тасимыз. Ол жақта да вирус тіркелді. Жалпы, үрей бар», – дейдісаудагерлер.
Делдалдың дәуреніжүріп тұр Пайымдасақ, импорт қана емес, отандықтауарлардың да бірқатар қымбаттағанын аңғарамыз. Ал мұндайда бізді құтқаруытиіс отандық тауарлар не үшін шарықтап жатыр? Бұған қатысты мамандарделдалдардың дәурені жүріп тұрғанын жасырмады. «Бұл арада бірінші кезекте отандықкәсіпкерлерге салынатын қосымша құн салығы қымбат. Екіншіден, кәсіпорындарғатариф бағасы да оңай тиіп отырған жоқ. Үшіншіден, арадағы делдалдар тауар бағасыныңқымбаттауына тікелей ықпал етіп отыр. Делдалдарға бақылау аз. Қазір Алматы супермаркеттерінде10 жұмыртқаның бағасы – 420 теңге. Ал 10 жұмыртқаның құс фабрикаларынан шығатыннегізгі бағасы – 180 теңге. Арада делдалдар жақсы пайда тауып отыр. Олар долларқымбаттамай тұрып алынған зат болса да, доллардың өскенін желеу етіп азық-түлік,киім-кешек бағасын өсіре қояды. Үкімет оларға қарсы әрекет жасауы керек. Ол үшінөнім зауыттан шыққан өз бағасына ғана сатылатын арнайы әлеуметтік азық-түліксататын дүкендер желісін көптеп ашсақ болғаны. Бұдан арадағы делдалдар азаяды.Отандық зауыт-фабрикалардың өнімі нарыққа тікелей делдалсыз арзанға сатылады. Бұлхалыққа да, кәсіпорынға да тиімді болар еді», – дейді қаржыгер Арман Мусин.
Қаржыгердің байыптауынша, делдалдар қай кезде де нарықпен ойнайды. Сәттікезеңді пайдаланып нарықтағы бағаны құбылта қоятын да осы делдалдар. «Егер қаңтарайында болжағандай, елде инфляция көлемі 5,5- 5,6 пайыз болса, қазір соңғы екіайда тағы қымбатшылық орын алды», – дейді маман.
Алмамандар болашақта арнайы шараларды қолға алмасақ, инфляция көлемі сызбада көрсетілгенненде әрі өсе беретінін айтып отыр.
Осындай сын сәтте отандық кәсіпкерлерге, өнім шығаратын отандық кәсіпорындарға үкімет арнайы жеңілдік қарастырып,субсидия, дотациялар бөлу керегін алға тартып отыр. «Осындай жеңілдіктісезінген отандық кәсіпорындар тауарлары мен өнімдерінің бағасын қымбаттатпайтынболады», – дейді мамандар.
Маска да мазаны алып тұр
Жалпы, қай салада болсын делдалдардың дәуірлеп тұрғаныналға тартқан мамандар тіпті қазір қажеттілік саналып тұрған медициналықбетперделердің де делдалдың қолында жүргенін айтты. Шынымен де, біз бетпердеіздеп бірнеше дәріханаға бас сұқтық. Бірақ медициналық бетперде Алматы дәріханаларындақат. Ал ғаламторда медициналық масканыңтүр-түрі тұр.
Ғаламтор арқылы90 мың масканы көтерме бағамен 20 теңгеден алуға болады.Ал бір аптаға тағуға жарамды репираторлық маскалардың құны 1000-2000 теңгеніңаралығында тұр. Ал қатардағы медициналық маскаларды ғаламтор арқылы 95-125, 150теңгенің аралығында сатып алуға болады. Осыған қарап сәті туған кезде саудасын жүргізіп алатын делдалдарға, расыменде, тұсау салатын мықты бір пәрмен керегін байыптадық.
Билікке айтар бес базына
Сонымен, ел қазір карантинде. Жоғарыда айтқанымыздай, қазір халыққа сауатты әрісалмақты бағыт-бағдар керек. Мамандар осыған қатысты «алдағы уақытта тек қанаАлматыда емес, жалпы елдегі жағдайды түзегісі келсе, билік мынадай жайттарды ескеруі керек» деп отыр:
· Біріншіден,халыққа қажетті тауар бағасын өсіруге бірден-бір әсер ететін дүние –коррупциялық қадам. Оларға кедендегі, жол үстіндегі және басқа да тексеруші құрылымдардағызаңсыз алым-салықтарды жатқызуға болады. Мұндайға кеткен шығынын кәсіпкерлертауар бағасына үстеме қосып шығарып алуға тырысады. Міне, бірінші кезекте бағаосылай шарықтайды. Билік отандық кеден саласындағы осы келеңсіздіктердіреттеп алуы керек. Делдалдар мәселесін де осы пунктке қосып, реттеугетырысу керек. Заңды қатайту қажет.
· Екіншіден,мұнай саласындағы магнаттарды тезге салу керек. Бұл ретте, бірінші мұнай нарығыныңжекеменшік монополияға тәуелділігі ойлантуы тиіс. Мұнай өнімдерін сатудыңжекелеген топтарға мүдделі болуы. Олардың бір-бірімен текетіресіп, бәсекелестерінболдырмау үшін нарықтан орын бермеуі бізде әбден өршіген.
· Үшіншіден,нарықта делдалдардың көптігі көгілдір отын, су, жарық бағасының шектен тыс қымбаттауынажол беріп отыр. Өнім шығару үшін не керек – газ, жарық, су керек. Сондакоммуналдық төлемге қымбат ақы төлеп отырған кәсіпорынға «тауарыңды арзанғасат» деп қайтіп айта аламыз?! Сондықтан бұл да шешімін табуы керек дүние.
· Төртіншіден, әлеуметтік-мемлекеттік арзан дүкендержелісін көптеп ашу керек. Мемлекеттікдүкендер желісі ашылса, азық-түлік арзандаса халықтың көңілі жайланар еді.
· Бесіншіден,мемлекет қадағалайтын дәріханалар желісі де тетікке қосылуы тиіс. Медициналықмекемелерге мемлекеттік бақылауды күшейту қажет.
Міне, билік қазіргі сәтте алдымен осы жайттарды електен өткізуікерек. Ауыл, аудан, қала деңгейіндегі атқарушы билікке қатаң тапсырма берілуікерек. Тоқпақтап отырып қадағалау керек, тоқетері осы.
Айтпақшы, карантиннің еліміздегі ең ірі үш қала– Алматы, Астана, Шымкентте тіпті, күшейтілгенінескерсек, халық бұл қалалардың әкімдерінен қырағылықтыталап етеді. Мұндайда әкімқараның еткен еңбегіне адал болғаны жақсы-ақ.