Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны төртке жетті
Қазақстанда коронавиус жұқтырғандардың саны төртке жетті. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді.
Ол азамат та Германиядан келген ұшақтың ішінде болған.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырудың үш дерегі тіркелгені анықталған, ал тағы бір қазақстандық Германияда ауруханада жатқаны айтылған.
«25 минут бұрын бізге шұғыл хабар келіп түсті. Германиядан келген ұшақта болған 1976 жылы туған ер адамнан коронавирус табылып, қазір ол Алматыдағы көпбейінді медицина орталығының стационарында ем алып жатыр. Осылайша науқастардың саны төртке жетті. Айта кетейік, оның үшеуі Германиядан келген, қазір Алматыда карантинде, ал төртінші елордалық әйел күйеуімен бірге Италияның Милан қаласынан ұшып келді. Оның жолдасынан коронавирус табылған жоқ», – деді Диас Ахметшәріп.