Әлеумет

Қазақстанда коронавирустың 61-ші оқиғасы тіркелді.

«Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың тағы бір оқиғасы тіркелді. Бүгінгі таңда елімізде коронавирусты тіркеудің 61 жағдайы расталды, оның ішінде Нұр-Сұлтанда – 31 жағдай, Алматыда – 26 жағдай, Қарағандыда — екі жағдай, Алматы облысында — бір жағдай, Ақтөбе облысында — бір жағдай», — деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Jasalash.kz
Айта кетейік, екі қалада коронавирустың таралуына байланысты Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша карантин енгізілді. 22 наурыздан бастап Алматы мен Нұрсұлтан Астанаға кіру және шығу шектелді.
Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега