Әлеумет

“Қазақстанда мобильді интернет әлемдік орташа бағадан үш есе арзан” – Жаслан Мәдиев

Қазақстанда мобильді интернет тарифтері әлемдік орташа көрсеткіштен шамамен үш есе төмен.

Фото: Shutterstock

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

Министрдің дерегінше, қараша айында жоғары жылдамдықты интернеті бар 55 елдің арасында Қазақстан мобильді интернет құны бойынша жетінші орынға тұрақтаған. Елімізде бір айлық мобильді тарифтің орташа бағасы шамамен 10 доллар болады. Ал әлемдік орташа көрсеткіш – 27 доллар.

Сонымен қатар интернет трафигінің көлемі артып келеді. Байланыс жылдамдығын жоғарылатып, 5G желісінің қамту аясын кеңейту үшін байланыс операторлары инфрақұрылымды дамытуға инвестиция салуы қажет.

Жаслан Мәдиевтің айтуынша, бұл ретте халық үшін тарифтердің қолжетімділігін сақтап, сонымен бірге саланың инвестиция тартуға тартымдылығын қамтамасыз ету маңызды.

Сайт Әкімшілігі