Әлеумет

Қазақстанда несие мен депозиттің нақты құнын есептеу тәртібі өзгереді

30 қарашадан бастап еліміздегі банктер мен микроқаржы ұйымдары жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін бірыңғай тәртіппен есептеуге міндеттеледі.

Фото: Жас Алаш коллаж

Жаңа талаптар қаржы қызметтерінің құнын тұтынушыларға ашық көрсетуге бағытталған.

Енді несие жарнамасында жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін ұсақ қаріппен жазып, көзден таса қалдыруға жол берілмейді. Оның көрсеткіші жарнамада берілген өзге пайыздық мөлшерлемелермен бірдей көлемде көрсетілуі тиіс.

Бұдан бөлек, қаржы ұйымдары несие рәсімделген кезде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеуге, клиент өтініш білдірсе, оны қайта қарауға міндетті. Несие талаптары өзгерген жағдайда мөлшерлеме де жаңартылуы керек. Есептеу кезінде қосымша комиссиялар мен өзге төлемдер де назардан тыс қалмауы тиіс.

Тағы бір жаңашылдық – банктер мен микроқаржы ұйымдарының ресми сайттарында барлық қосымша шығындарды ескеретін онлайн-калькулятор орналастырылады.

Жаңа тәртіп азаматтарға несие мен депозиттің шынайы құнын алдын ала бағалап, қаржы ұйымдарының ұсыныстарын салыстыруға мүмкіндік береді.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: несие ипотека