Қазақстанда президент сайлауы басталды
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы басталды. Қарақат Әбден «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінен;Нұрлан Әуесбаев оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан;Жигули Дайрабаев «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан;Мейрам Қажыкен «Аманат» республикалық кәсіподақтар бірлестігінен;Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық-саяси күштердің халықтық коалициясынан;Салтанат Тұрсынбекова "Қазақ аналары – дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігінен.
Бірнеше кандидат, оның ішінде, Қарақат Әбден, Жигули Дайрабаев, Нұрлан Әуесбаев дауыс беріп үлгерді.
Одан бөлек, Алматы әкімі Ерболат Досаев, премьер-министр Әлихан Смайылов, Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин де дауыс берді.
ОСК мәліметтері бойынша, 8150 учаске дауыс беруге кірісті. Сондай-ақ, 11 шет мемлекеттегі Қазақстан өкілдіктері жанынан 12 учаске дауыс беруге кірісті.