Саясат

Қазақстанда Ресейге сын айтпауға кеңес берген елші енді министрлігімен соттасып жатыр

Қазақстанда Ресейге сын айтпауға кеңес берген елші енді министрлігімен соттасып жатыр

Фото ашық дереккөз

Эстонияның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Яап Ора қызметінен кетуіне байланысты елдің Сыртқы істер министрлігін сотқа берді. Ол министрліктегі жұмысына қайта оралуды талап етіп отыр.

Яап Ора өткен жылдың 9 желтоқсанында Сыртқы істер министрлігінің қысымынан кейін отставкаға кеткен. Бұған оның Қазақстанға сапары кезінде Эстония президенті Алар Кариске айтқан ұсынысы себеп болған.

Бұрынғы елшінің айтуынша, ол президентке Қазақстандағы сөзінде Ресейге қатысты сын-пікірлерді алып тастап, Украинаға қолдау көрсетуге шақырған үндеулер жасамауға кеңес берген. Ора мұндай мәлімдемелер Қазақстанмен қарым-қатынасқа кері әсер етуі мүмкін деп есептеген. Алайда Эстония Сыртқы істер министрлігі елшінің бұл сөздерін «қолайсыз» деп бағалаған. Осыдан кейін дипломат қызметінен кеткен.

Яап Ора жұмыстан босатылуын «арқадан пышақ сұқты» деп бағалады.

Қазір бұрынғы елші сот арқылы министрліктегі қызметіне қайта орналасуға тырысып жатыр.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Яап Ора