Әлеумет

Қазақстанда төртінші адам коронавирустан қайтыс болды

4 сәуір таңертең денсаулық сақтау министрлігі Түркістан облысында бір науқас коронавирустан көз жұмды деп хабарлады.

Jasalash.kz

Қазақстанда барлығы төрт адам вирустан қайтыс болды. 1 сәуірде Қарағандыда бір науқас қайтыс болған. 31 наурызда Нұр-Сұлтанда 50 жастағы ер адам көз жұмды. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны қайтыс болған еді.

4 сәуір таңертең министрлік Қазақстанда 36 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады.

Министрліктің дерегінше, Алматыда — 16, Солтүстік Қазақстан облысында — 7, Қарағанды облысында — 4, Түркістан облысында — 4, Атырау облысында — 2, Маңғыстау облысында — 1, Жамбыл облысында 1 адамға вирус жұққаны анықталған.

Елде науқастардың жалпы саны 500 адамға жетті:

  • Нұр-Сұлтанда — 202 адам
  • Алматыда — 109 адам
  • Қарағандыда — 26 адам
  • Атырау облысында — 16 адам
  • Ақмола облысында — 19 адам
  • Алматы облысында — 9 адам
  • Қызылорда облысында — 26 адам
  • Жамбыл облысында — 9 адам
  • Шымкентте — 12 адам
  • Батыс Қазақстан облысы — 2 адам
  • Шығыс Қазақстан облысында — 4 адам
  • Ақтөбе облысында — 7 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысында — 25 адам
  • Павлодар облысында — 1 адам
  • Маңғыстау облысында — 3 адам
  • Қостанай облысында — 1 адам
  • Түркістан облысында — 23 адам.

Коронавирустан 29 адам (Алматыда — 13 адам, Нұр-Сұлтанда — 16 адам) айыққан.

Еске салайық, короновирустан қайтыс болғандарды жерлеуге қатысты Дінии басқарманың пәтуасы шыққан болатын. Артынша елімізідң бас санитар маманының да қаулысы шығып. індеттен қайтыс болғандар алгоритм жүйесімен жерленетіні белгілі болды.
Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега