Әлеумет

Қазақстанда туу көрсеткіші төмендеп барады

2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 226 990 сәби дүниеге келді.

Фото: әлеуметтік желіден

Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аз. 2025 жылдың алғашқы тоғыз айында 249,3 мың, ал 2024 жылы 278,7 мың бала туған.

Осылайша, екі жылда қаңтар–қыркүйек аралығында тіркелген туу саны 51,7 мыңға немесе 18,6 пайызға қысқарған.

Қазіргі төмендеу коронавирус пандемиясы кезінде байқалған туу көрсеткішінің күрт өсуінен кейінгі қалыпты деңгейге оралу үдерісімен де байланысты болуы мүмкін. Сәби туу көрсеткіші 2021 жылы шарықтау шегіне жетіп, сол жылдың алғашқы тоғыз айында елде 446,4 мың бала дүниеге келген.

Алайда сол кезеңдегі өсімнің нақты себебі жөнінде ортақ пікір жоқ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туу көрсеткішінің артуын карантиннен гөрі көпбалалы отбасыларға берілетін жаңа жәрдемақылардың енгізілуімен байланыстырған.

Сайт Әкімшілігі