Қазақстанда Uber KZ жұмысын тоқтатады: орнына қандай такси сервисі келеді?
Қазақстанда Uber KZ жұмысын тоқтатады: орнына қандай такси сервисі келеді?
Қазақстанда Uber KZ такси шақыру қосымшасының жұмысы тоқтатылмақ. Пайдаланушыларға оның орнына Fasten сервисін жүктеу ұсынылып жатыр.
Uber KZ пайдаланушыларына қосымшаның жұмысын тоқтататыны жөнінде хабарлама келе бастаған.
«Uber жұмысын тоқтатады. Fasten қосымшасын жүктеп, Қазақстанда такси шақыруды жалғастырыңыз», – делінген хабарламада.
Алайда бұл Uber-дің орнына Қазақстан нарығына жаңа тәуелсіз бәсекелес келді деген сөз емес. Екі сервис те «Яндекс» такси бизнесімен байланысты.
Ресейлік компания 2026 жылғы наурызда Uber қосымшасын 1 жыл ішінде біртіндеп Fasten сервисімен алмастырылатынын хабарлаған.
Fasten-нің ресми сайтында жарияланған пайдалану шарттарына сәйкес, Қазақстан аумағында сервистің операторы – «Y. Taxi Qazaqstan» ЖШС. Тиісті құжат 2026 жылғы 30 қыркүйекте күшіне енген.
Қазір Fasten қосымшасы Қазақстандағы App Store дүкенінде қолжетімді.
Айта кетейік, Uber мен «Яндекс» 2018 жылы бірқатар елдегі, соның ішінде Қазақстандағы такси бизнесін біріктірген. Ал 2023 жылы «Яндекс» Uber-дің бірлескен бизнестегі қалған үлесін 702,5 миллион долларға сатып алған.
Uber KZ-дің толық тоқтайтын нақты күні әзірге жарияланған жоқ.