Қоғам

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгеруі мүмкін

Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) форматын жаңарту жоспарланып отыр.

Фото: ашық дереккөзден

таолапкеЖаңа жүйеде талапкерлердің мектеп бағдарламасын қаншалықты меңгергені ғана емес, сыни ойлау, қарым-қатынас жасау және жасанды интеллектіні түсіну дағдылары да бағаланбақ.

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Нұрсейіт Байжановтың айтуынша, жаңа емтихан Admission Insight Test (AIT) деп аталады және екі бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімде талапкерлер 14 бейіндік пән бойынша білімін көрсетеді. Тапсырмалар жаттанды деректерді еске түсіруге емес, тақырыпты түсініп, білімді қолдана білуге бағытталмақ.

Екінші бөлімде академиялық мәтін жазу, зерттеу жүргізу, сандық деректермен және цифрлық технологиялармен жұмыс істеу қабілеті тексеріледі. Сондай-ақ шығармашылық ойлау мен қалыптан тыс шешім табу дағдылары бағаланады.

Жаңа форматтың алғашқы сынақтары 2027 жылдың көктеміне жоспарланған. Жобаны Қазақстанның Ұлттық тестілеу орталығы халықаралық ETS ұйымымен бірлесіп әзірлеп жатыр. Бағдарлама 2030 жылға дейін жалғасады.

Сайт Әкімшілігі