Без Категории

Қазақстанда вирус жұқтырғандар 20 адамға көбейді

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 10 мамыр кешкі сағат 17.25-те тағы 20 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады.

Jasalash.kz

Нұр-Сұлтан қаласында — 13, Батыс Қазақстан облысында — 4, Шығыс Қазақстан облысында 3 адамға вирус жұққан.

Елде вирус жұқтырғандар 5076 адамға жетті. 1828 адам жазылған. 31 адам қайтыс болған.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елде эпидемиологиялық ахуал тұрақталды деп мәлімдеген. 9 мамырда Қазақстанда 141 адамнан коронавирус табылып, бір күнде 135 адам жазылды. Вирус жұқтырғандар саны жағынан Алматы мен Нұр-Сұлтан бұрынғыдай алдыңғы орындарда тұр.

Қарай отырыңыз:Қазақстанның коронавирус картасы

LIVE Коронавирус Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега