Без Категории

Қазақстанда вирус жұқтырғандар 5056 адамға жетті

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 10 мамыр түскі сағат 12.35-те тағы 20 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады.

Jasalash.kz

Нұр-Сұлтан қаласында — 4, Алматы қаласында — 7, Шымкент қаласында — 4, Алматы облысында — 1, Атырау облысында — 2, Батыс Қазақстан облысында — 1, Түркістан облысында 1 адамға вирус жұққан.

Елде вирус жұқтырғандар 5056 адамға жетті. 1828 адам жазылған. 31 адам қайтыс болған.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елде эпидемиологиялық ахуал тұрақталды деп мәлімдеген. 9 мамырда Қазақстанда 141 адамнан коронавирус табылып, бір күнде 135 адам жазылды. Вирус жұқтырғандар саны жағынан Алматы мен Нұр-Сұлтан бұрынғыдай алдыңғы орындарда тұр.

Қарай отырыңыз:Қазақстанның коронавирус картасы

Қазақстанда 11 мамырда коронавирусқа байланысты жарияланған төтенше жағдай аяқталуы тиіс. Бірақ денсаулық сақтау министрлігі елде карантин шаралары біртіндеп алынатынын айтады.

LIVE Коронавирус Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега