Без Категории

Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 11 адамға көбейді

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 31 наурыз күндізгі сағат 15:30-да Қызылорда облысында — 10 адам, Павлодар облысында бір адамнан коронавирус табылғанын хабарлады.

Jasalash.kz

Елде науқастар саны 336 адамға жетті.

Барлығы 22 адам (Нұр-Сұлтан — 15, Алматы — 7) аурудан жазылған. Екі адам көз жұмған. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 65 жастағы әйел адам коронавирустан қайтыс болды. 31 наурызда түнде Нұр-Сұлтанда 50 жастағы ер адам вирустан көз жұмды.

Вирус жұқтырған 325 адам мына қалаларда:

  • Нұр-Сұлтанда — 175 адам
  • Алматыда — 82 адам
  • Қарағандыда — 13 адам
  • Атырау облысында — 13 адам
  • Ақмола облысында — 10 адам
  • Алматы облысында — 6 адам
  • Қызылорда облысында — 18 адам
  • Жамбыл облысында — 3 адам
  • Шымкентте — 2 адам
  • Батыс Қазақстан облысы — 2 адам
  • Шығыс Қазақстан облысында — 2 адам
  • Ақтөбе облысында — 3 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысында — 2 адам
  • Павлодар облысында — 2 адам
  • Маңғыстау облысында — 1 адам

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланған. Қазір коронавирустың таралуын тоқтату үшін Қазақстанның басым бөлігінде жұрттың сыртқа шығуына шектеу қойылған.

LIVE Коронавирус Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега