Саясат

Қазақстандағы ең ірі екі СЭС кімнің меншігіне берілетіні белгілі болды

Шығыс Қазақстандағы екі су электр станциясы мемлекет меншігінен «Самұрық-Қазына» қорының меншігіне бірнеше шарт бойынша беріледі, делінген үкімет қаулысында.

Jasalash.kz

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ акцияларының төлемі ретінде «СЭС Өскемен АЭС» ЖШС және «АЭС Шүлбі СЭС» ЖШС-дегі мемлекеттік қатысу үлестерін тиісті саланың уәкілетті органының ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілген салалық оң қорытындысы болған жағдайда беру", — делінген қаулыда.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне, сондай-ақ Энергетика және Ұлттық экономика министрліктеріне «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп қаулыны іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.

Осыған байланысты үкіметтің шешімдеріне бірнеше өзгерістер енгізу қажет болатыны атап өтілді.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега