Қоғам

Қазақстандағы Түркия елшілігінің құрылысына бөлінген 15 млн доллар жоғалып кетті

Қазақстандағы Түркия елшілігінің ғимаратын салуға бөлінген 15 млн доллардың қайда жұмсалғаны Түркия парламентінде қайта талқыланды.

Фото: ашық дереккөз

19 қарашада депутат Айсу Банкоглу төлем құжаттарын тексеріп, қолма-қол ақшаның кімге және қандай негізде берілгенін анықтауды талап етті.

Даудың туындауына құжаттардағы сәйкессіздіктер себеп болған. Сонымен қатар елшіліктің бұрынғы қызметкерлері төлем құжаттарындағы қолтаңбаларын мойындамайтынын мәлімдеген.

Түркия Сыртқы істер министрлігі мердігермен есеп айырысу толық аяқталғанын айтқан. Алайда депутаттар төлемдердің заңдылығы мен қаражаттың нақты алушысына қатысты қосымша тексеру жүргізуді талап етіп отыр.

Сайт Әкімшілігі