Қазақстанды 2020 жылы қандай саяси-экономикалық қауіптер күтіп тұр?
Биылғы жылдың аяталуына бір апта уақыт қалды. Осыған байланысты бүгін біз «Қазақстанды2020 жылы қандай саяси-экономикалық қауіптер күтіп тұр?
» деген сұраққа жауапіздеуді жөн көрдік.
Саясаттанушы Әзімбай ҒАЛИДІҢ пікірінше, Қазақстанды 2020 жылықауіп-қатерлермен қатар үлкен үмітте күтіп тұр. Себебі президент Тоқаевдемократиялық реформа жасаймын дегеннен кейін экономика біршама өскен.
«Тоқаев үміт отын жақты. Олдемократиялық реформа жасаймын деп еді, 4.1 пайыз өсімдегі экономика 4.3пайызға көтерілді. Әрине Тоқаевтың іс-әрекеттері жалған болып, үміт ақталмауымүмкін. Бірақ қалай болса да қазірдің өзінде экономикада 4.3 пайызға жеттік.Сондықтан үмітте бар, қауіпте бар. Біздің байқағанымыз, мұнай барлық аурулардыңшипасы емес. Бұл жерде ең басты мәселе, нарықтық принциптердің өсуі. Ал олдемократиялануға байланысты. Дамыған елдерде бірін-бірі тежеп, ұстап отыратынбиліктің үш тармағы бар. Бізде өкінішке орай атқарушы биліктің рөлі басым. Оныңүстіне бізде атқарушы билікте екі персона отыр. Сондықтан үмітте, қауіпте олардыңқай жаққа бұрылуына байланысты», — дейді Ғали.
Саясаттанушы Дос КӨШІМНІҢ сөзінше, келер жылы күтіп тұрған қауіптердің еңбасы «Қазақстанның саяси бағыты не болады?» деген мәселе. Өйткені қазірТоқаевтың қандай бағыт таңдайтыны белгісіз.
«Менің ойымша, саяси қауіптіңең басы біздің саяси бағытымыздың не болатындығы. Біз транзиттік кезең депайтқанмен, адамдардың ауысуы транзит емес. Бірақ, жаңа адам келгеннен кейін,бәрібір белгілі бір реформалар болады. Сол мен үшін қауіпті. Себебі бұрынғыНАЗАРБАЕВТЫҢ жолына түсіп кету қауіпі бар және бір нәрсені өзгертуге талпынумен билік элитасының қарсыласу қауіпі бар. Бірақ Тоқаев қалай бір нәрсе жасайалады, егер оның не парламенті, не саяси партиясы, не бұқаралық ақпаратқұралдар тобы жоқ болса. Сондықтан менікі өзіміздің ішіміздегі өзгерістерге, үмітімізгеқауіп төнеме деген ой», — дейді саясаттанушы.
Көшімнің пікірінше, қазір Тоқаев 90 пайыз Назарбаевтың салып кеткен жолыменжүріп келеді және бір нәрсені өзгерту үшін адамдар өзгеруі керек.
Саясаттанушы, Ерлан САИРОВТЫҢ сөзінше, алдағы жылы Қазақстанның саясатынаішкі факторлармен қатар, сыртқы факторлар да әсер етеді. Өйткені қазір әлемдесаяси-экономикалық жағдай күн өткен сайын ушығып келеді.
«АҚШ пен Қытай арасындағысауда соғысы сияқты сыртқы факторлардың Қазақстанға әсер етуі әбден мүмкін.Өйткені біріншіден, Қазақстан Қытай мен Батыс елдері ортасындағы транзиттіккаридор. Екіншіден, Қытай мен Ресей сияқты алпауыт елдердің ортасында отырмыз.Қазақстан экономикасы АҚШ, Қытай, Ресей, Батыс елдерімен жұмыс істейді. ОлардыңҚазақстанға деген инвестициялық қызығушылығы мол. Сол себепті олар әртүрліарналар арқылы Қазақстанға әсер етуге тырысады. Бұдан бөлек Қазақстанның өзініңішіндегі азаматтардың демократияға деген талпынысы бар. Халықтың демократияға, әлеуметтікәділеттікке деген сұранысы мен мемлекеттің кейбір консервативтік күштеріарасында белгілі бір қайшылықтар болуы ықтимал», — дейді Саиров.
Фото: Әлеуметтік желіден.