Әлеумет

Қазақстандықтар eGov-тан отбасының әл-ауқатын бағалау калькуляторын пайдалана алмай қалды

Қазақстандықтардың eGov порталындағы отбасының әл-ауқатын бағалау калькуляторына қол жеткізу мүмкіндігі шектелді.

Фото: eGov

Қазір сервис тек мемлекеттік әлеуметтік көмек алушыларға ғана қолжетімді.

Калькулятор 16 қазанда іске қосылған. Алайда келесі күні қызмет жұмысын тоқтатып, экранда "техникалық жұмыстар жүргізіліп жатыр" деген хабарлама пайда болған. Қазір сервисті тек мемлекеттік әлеуметтік көмек алушылар ғана пайдалана алады.

Әзірге басқа азаматтардың калькуляторды пайдалану мүмкіндігі не себепті шектелгені белгісіз.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: EGov eGov Mobile