Баған

«Қазақстанға мұрагер емес, реформатор керек»

Белгілі саясаттанушы Досым САТПАЕВ «Нұр Отан» партиясыныңкезектен тыс XIX съезіннен кейін facebook.com әлеуметтік желісінде пікір білдірді.

Jasalash.kz

«Бізге көптен бері меритократия туралы айтып еді. Аяғындагеронтократияға тап болдық. Соңғы саяси оқиғалардан аңғарғанымыз бәріненайырылып қаламыз ба деген қорқыныш бар. Өзгерістер жасаймыз деген ниетбайқалмайды. Олар мемлекетке мұрагер мен оған қарап жүретін адам емес,реформатор керек екенін неге түсінбейді екен», — деп жазды саясаттанушы өзпарақшасында.

Бүгін «Нұр Отан» партиясының жиынында президенттіксайлауға Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ  Қазақстанныңуақытша президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ кандидатурасын ұсынған. Делегаттарбұл ұсынысты бірауыздан қолдады.

Қасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫ 2019 жылдың 20 наурызынан бастапуақытша мемлекет басшысының қызметіне кіріскен. Премьер-министр, Сыртқы істерминистрі, Сенат төрағасы сынды лауазымды қызметтерді атқарған. Сарапшыларкімнің президент болатынын білу үшін маусым айын күтудің қажеті жоқтығын айтқанеді. Мәселен 2019 жылдың 9 сәуір күні ЖасАЛАШ тілшісіне сұхбат берген саясаттанушы Максим КАЗНАЧЕЕВ «Нұр Отан»съезінде болашақ президенттің аты белгілі болады деп пікір білдірген.

«Бұлсаяси науқан да сценариймен өтеді. Әкімшілік ресурстар араласады. Сайлауқорытындысы алдын ала белгілі болары анық. «Нұр Отан» партиясы ұсынған кандидатмемлекет басшысы болады. Әрине ендігі президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ сияқты 90пайыздың үстінде дауыс жинай алмайды. Шамамен 65-75 пайызиеленеді», — деген еді  саясаттанушы Максим КАЗНАЧЕЕВ.

Фото: kursiv.kz

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега