Қоғам

Қазақстаннан 45 млрд теңгенің мұнай өнімдері заңсыз шығарылған

Тергеу мәліметінше, Маңғыстау облысының кәсіпкері мұнай сатып алып, оны шағын зауыттарда өңдеген. Кейін жалған құжаттар рәсімдеген.

Фото: ашық дереккөз

Осыдан соң мұнай өнімдерін пеш отыны ретінде көрсетіп, Ақтау порты арқылы танкермен шетелге жөнелтіп отырған.

2019-2023 жылдар аралығында осы тәсілмен 160 мың тоннадан астам өнім заңсыз шығарылуы мүмкін. Жасалған операциялардың жалпы сомасы шамамен 45 млрд теңгені құраған.

Топтың бес мүшесі 8 жылға бас бостандығынан айрылды. Олардың мүлкі тәркіленіп, мемлекет кірісіне 2 млрд теңгеден астам қаражат өндірілді.

Схеманы ұйымдастырды деген күдікті халықаралық іздеуде жүр.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Мұнай