Қоғам

Қазақстанның кейбір облыстарында үсік жүреді

Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, — деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК орталығы.

Jasalash.kz

12-13 қыркүйекте түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 1-3 градус үсік болады.

12 қыркүйекте Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Дауылдың ықтималдығы — 90-95 пайыз.

12 қыркүйекте таңертең және күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Дауыл ықтималдығы — 70-75 пайыз.

12 қыркүйекте түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде 1-3 градус аяз сақталады. Күндіз 12 қыркүйекте кей жерлерде найзағай күтіледі. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан, күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метр. Дауыл ықтималдығы — 90-95 пайыз.

12 қыркүйекте Жамбыл облысында тауларда найзағай ойнап, солтүстік — шығыстан жел соғады, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега