Қоғам

Қазақстанның тағы төрт тасжолында жылдамдықты бақылау күшейтілді

2026 жылғы 13 қазаннан бастап республикалық автожолдардың тағы төрт учаскесінде орташа жылдамдықты бақылау іске қосылды.

Фото: kolesa.kz

Олар: 

"Орал – РФ шекарасы (Самара)"

"Ақтөбе – РФ шекарасы (Орынбор)"

"Қостанай – Денисовка"

"Қандыағаш – Мақат"

Орташа жылдамдықты бақылау Қазақстанда 2025 жылғы 17 наурыздан бері жұмыс істейді. Оның мақсаты – жүргізушілерді камера алдында ғана емес, бүкіл жол бойында қауіпсіз жылдамдықты сақтауға дағдыландыру.

Жыл соңына дейін учаскелер саны көбейтіледі.

Сайт Әкімшілігі