Саясат

Қазақстанның жаңа Көлік министрі тағайындалды

Әсел Жанасова Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Көлік министрі болып тағайындалды.

Фото ашық дереккөз

Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Әсел Жанасова жаңа қызметке тағайындалуына байланысты бұрынғы лауазымынан босатылды.

Сонымен қатар Президент Жарлығымен Нұрлан Сауранбаев Көлік министрі қызметінен босатылды.

Нұрлан Сауранбаев бұл лауазымды 2025 жылғы 30 маусымнан бері атқарып келген. Осылайша, ол министрлікті бір жылдан төрт айдан астам уақыт басқарды.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған соңғы Жолдауында елдегі автомобиль жолдарының жағдайына назар аударып, жол инфрақұрылымына қатысты мәселелерді көтерген болатын.

Енді Көлік министрлігін басқаратын Әсел Жанасова бір мезгілде Премьер-министрдің орынбасары қызметін де атқарады.

Сайт Әкімшілігі