Саясат

Қазақтарды моңғол деп атаған. Болгарияда өткен жарыста ер адам қазақстандық баланы соққыға жыққан (видео)

Қазақстандық заңгер Мағжан Бейімбетов Болгарияның Обзор қаласында балалар футболы жарысында болған жанжал туралы жазды.

Jasalash.kz

Бейімбетовтің ұлы да аталмыш жарысқа қатысқан. Ол жерде қазақстандық жас футболшыны болгариялық азамат ұрған.

«Шынымды айтсам, болгориялықтардың Қазақстан азаматтарына деген мінез-құлқы қатты таң қалдырды! Бүгін 11 жасар бір баламызды ойын үстінде Болгария құрамасы ойыншысының әкесі соққыға жыққан. Жаттықтырушымызды да ұра жаздады. Ең қызығы, болгарлардың бәрі бізді «моңғол» деп атады. Олар Өзбекстаннан келген ағайындар да ұрды», — деп жазады ол.

Ол баланың ата-анасыны дипломаттардан көмек сұрағанын, бірақ олар тек төлқұжаттардың көшірмелерін алғанын айтты.

«Балаларды тексеруге тіпті дәрігерлер де келмеді. Біздің жаттықтырушыны таптап кете жаздады», — дейді қорғаушы .

Ол төбелестің видеосын  facebook желісіне салды.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега