Сараптама

Қазақтың кедейлігі жалқаулықтан ба?

Нарықтық экономикаға көшкелі бері қазаққақойылатын негізгі айыптың бірі – жалқаулық.

Jasalash.kz

Бүгінде біреулер баспанасы  жоқ қазақты суырға теңесе, енді бірі үкіметтағайындаған тиесілі жәрдемақыны алып, оны қажетке жарататындарды  «мемлекетке масылдар» дейтінді  шығарды. Тіпті көпбалалы болып, ішер асқажарымай отырғандарды көрсе де,  «асырайалмаса бала тапқызып несі бар, өзі жалқау» деп сөгетіндер де табылды. Базардаарба сүйреген қазақты көрсек, жалқау ғой, дұрыс жұмыс таппай ма деп сөгетіндерде бар. Ал, шындығында, солай ма? Қазақ жалқаулығынан кедей болып жүр ме?

   Батыс ғалымдары қазақтың еңбекқорлығын өз еңбектеріндеүнемі тілге тиек етеді. Қазақтың мал басын бейнетпен күтетін қасиетін,диқаншылықтың мехнатын әлі де тартып келе жатқанын, қуаңшылық мәселесі үнеміалқымнан алатынын батыстық ғалымдар осы уақытқа дейін жазбады емес, жазды.Тіпті осы арқылы өзге елдер «қазақ – бейнетінің зейнетін көруге ұмтылған ел»деген түсінікті де қалыптастырып келеді. Ал енді біз неге өзімізге «қазақжалқау» деген айып тағуға бейімбіз? Бір істі тиянақты аяқтай алмағанымыздынеліктен осы пәлсапаның аясына сыйғызып жібергіміз келіп тұрады?!

                            Жерде есесі кеткенқазақ  Байыптасақ, біз бірінші кезекте жерденесесі кеткен елміз. КезіндеРесей империясы қазақтың құнарлы жерлеріне мұжықтарды орналастыра бастағантұста қазақтар өзінің 45 миллион десятина ең құнарлы жерінен айырылып қалды. Шөл далаға ығысқан қазақта егін шаруашылығы қайдандамысын? Осындай әрекеттен соң, қазақтаротырықшылық көрмеді. Қысы-жазы көшіп-қонып жүруге мәжбүр болды. Көшпенді елдіңбелгілі бір өнеркәсіп саласымен айналысуы қиын екені белгілі. Бұл Кеңес өкіметіқұрылғанға дейінгі жағдай. Ал кеңестік өкімет заманында тың игеруді желеу етіп,тағы 25 миллион гектар жерімізден айырылдық. Ең құнарлы деген қазақ даласынУкраинадан, Беларусьтен келген тың игерушілериемденіп қалды. Осылайша тағы да құнарлы жердіуыстан шығарып алдық. Қазір жеріміздің 67 пайызы шөл және шөлейтті аймақтар. Негізінде,бұларды ғылым тілінде «адамныңкүнкөрісіне мейлінше қолайсыз аймақтар» деп есептейді.

    Осымәселені зерттеп жүрген экономист-ғалым Жұмаділда Баяхметов былай дейді: «Бізде қазір 72 аудан бар. Өнеркәсіпті дамытпақ түгіл, ол аудандарда күн көрудіңөзі тауқымет. Осы жайттыңбетін ашып, қанша зар қақсадық. Жер мәселесін жазып та, айтып та, том-том кітапетіп шығарып та жүрміз, бірақ селт еткен қазақты көрмедім. Міне,нақ қазір бізде бірінші болып шешілуі тиіс мәселе – осы».

                Жәрдемақы, өтемақының өзі дұрыстөленбейді     Бұған қоса,мамандарымыз шөл және шөлейт аймақтарда тұрып жатқандарға қосымша төлемақытөленуі тиістігін алға тартады. Мамандардың пайымдауынша, мәселен, АҚШ-та,Канадада, басқаны қойғанда, Оңтүстік Африкада құнарсыз, суы тапшы, нәрсіз жерлердетұратын жандардың жалақысына қоса, үстеме төлемақы төленеді. Бұл үрдіс жағдайытөмен деңгейдегі Үндістанның өзінде де жүзеге асып отыр. Жоғарыда аталғанмемлекеттерде тұрғындарға мемлекеттік мекеменің үш деңгейінен көмек беріледі. Біріншісі – округтікәкімшілік, екіншісі – штаттық әкімшілік, енді бірі – федералды әкімшілік. Тіптісол шөлейт аймақтарда туған үндістер басқа жаққа қоныс аударып кетіп, туғанжеріне қайта айналып келсе, елде тұрмаған жылдардағы өтемақысын даулап алуғақұқы бар. Ал біз зиянды қалдықтар қоймасына айналған елді мекендерде тұрыпжатқан, полигонның зардабын көрген жандарды шөміштен қағып, өзге қалаға қонысаударса, оларға болар-болмас жәрдемақысын төлеуден бастартамыз. Сондықтан еңбек және халықты әлеуметтікқорғау министрлігі бұл мәселені мықтап ойланып, шөл және шөлейт аймақта тұратын, сынақ алаңынаайналған жерлерді мекендейтін халыққа көлемді жәрдемақы беруді қарастырсатіптен оңды болар ма еді?!

                          Қала қазағы: азық-түліктенүнемдеп жүр   Сондай-ақ қазақтың ас-ауқатынажұмсайтын қаржысы да күн санап үнемделіп  отырғанын жақсы білеміз. Қазіргідейқымбатшылықта ас-ауқатын үнемдеп жүрген қала қазағына  «жалқаусың» деп айту тіпті қисынға келмейді.Мамандардың зерттеуінде көрсетілгендей, қазір қала халқы өз қаржысын үнемдеумақсатында өздеріне біраз шектеулер қойған. Мәселен, биыл өткен жылменсалыстырғанда бір ғана Алматыда қала халқының өзін-өзі дамыту орталықтарына баруүрдісі 62 пайызға саябырсыған. Бұған қоса, соңғы үш жылда қала қазақтарыныңтамақтану үлгісінде де қатты үнемдеу  байқалады. Бұған қатысты әлеуметтанушы ЕрмекҚұржанов:  «2019 жылдары  қала қазағы ай сайын 24-26 келі ет өнімдерінтұтынған болса, қазірде бұл көрсеткіш 10 келінің айналасында қалыпты. Ал сүт өнімдеріненбүгінде қала халқы ай сайын 18-20 литр сүт тұтынады. Өткенжылы бұл көрсеткіш әр адамға шаққанда ай сайын 25-28 литрдің айналасындаболатын. Бүгінде қала қазақтары мал етінен гөрі құс етін көбірек тұтынады. Бірқынжылатыны, қалалық қазақтардың 60 пайызы қаржысын астан үнемдеугекөшкен», – дейді.

                  Дала қазағы: отын-суынтүгендей алмай жүр

     Ал енді ауыл қазағының бюджеті қалайжоспарланады дегенге келсек, зерттеулерде көрсетіліп отырғандай, ауыл қазағыжиған-тергеніне мал азығын сатып алуға тырысып жатыр. Мысалы, 10 қойы, екісиыры бар шаруаға малын қыстан аман алып шығу үшін шөп қажет. Қазір ауылдықжерде жемшөптің бағасы удай.  Бұғанқыстық отын-суды қосыңыз. Көмірдің бағасы тағы қымбат. Сонда дала қазағы қыстанқысылмай шығу үшін қосымша, кем дегенде 300-350 мың теңгедей қаржы жинауыкерек. Ал ауылдағы зейнетақы мен жәрдемақының мөлшері тағы белгілі. Осыған қарапауыл қазағының күнкөріс қамы үшін жанталаса тіршілік ететінін тағы пайымдайберуге болады. Бұл ретте әлеуметтанушы Ермек Құржанов: «Біздің үкіметімізауыл халқына арнайы мемлекеттік жәрдемақы төлерде ауыл халқының тұрмысы, мал азығы, отын-су жайы, көпбалалы отбасылар әлеуетін ескеруі тиіс. Осыған орай, ауыл халқынаберілетін мемлекеттік төлемдерге үстемеақы қосылса жөн болареді», – дегенді алға тартты.

Тақырыпқа тұздық

 

                              Қазақ –бейнетқор, еңбекқор халық

    Тақырыпқа қатысты «Жас Алашқа» пікірбілдірген экономист-сарапшы ТоғжанШаяхметованың ойынша, қазақты әсте жалқау деуге болмайды. Байыптап қарасақ, бір отбасынасырау үшін, батыс елдеріне қарағанда, қазақ 80 есе артық күш жұмсайды екен. Аленді ойлап көріңізші, жалқау халық осылай әрекет ете ме? Қазақ жалқау емес.Қазақ – еңбекқор, бейнетқор халық. Қазақ тер төгіп, бейнет көріп барып зейнеткежеткен. Қазақты жалқау, енжар дегенге мен келіспеймін.Егер қазақ жалқау, енжар болатын болса, еуропалықтардан 80 есе артық күшжұмсап, еуропалықтармен салыстыруға да келмейтін аз-маз тапқан қаржысынөзінен-өзі үнемдеп отыр. Мысалы, немістің қариясы айына 984 евро зейнетақыалады. Финдік қариялар 1,3 мың евро көлемінде зейнетақы алса, Голландияда еңтөменгі зейнетақы 3,2 мың евроны құрайды екен. Бір ескеретіні, біз үлгі етіпотырған елдердің қариялары бірінші жинақтаушы зейнетақы қорының есебінен,екінші кәсіпорындық зейнетақы қорынан, үшінші мемлекет бюджет есебінен зейнетақыалады. Демек, бұл дегеніңіз аталмыш елдердің өз қарттарына үш жүйе бойыншазейнетақы беретінін көрсетеді. Осы үш бірдей қордан алынатын қаржы Еуропақарттарының өмірін қамсыз етері анық. Ал бізде мұның ауылы тым алыс.  Жағдайы жоқ, кедей қазақты жалқау дегенменкеліспеймін. Керісінше, үкіметтік қолдауды нықтау керек деп есептеймін.

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ,

«Жас Алаш»

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега