Қоғам

Қазақтың қос тазысы Женевада әлем чемпионда топ жарды

Швейцарияда өткен World Dog Show 2023 аясында өткен әлем чемпионатында қазақстың қос тазысы жеңімпаз атанды.

Jasalash.kz

 Жылдың басты кинологиялық оқиғасына әлемнің әртүрлі елдерінен 20 мың ит қатысады деп жарияланды.

200 ит тұқымының өкілдеріне 150 халықаралық төреші төрелік етті. Женевада өтетін 2023 жылғы Дүниежүзілік иттер көрмесіне қазақтың тазы тұқымды екі иті барған. 

 «Тұмар» есімді тазы «Тұқымның үздік өкілі» және «Женевадағы Әлем кубогының жеңімпазы» атақтарына лайық танылды. Екінші ит «Вангелия» да бірнеше титулға ие болды, атап айтқанда «Қарсы жыныстың үздік өкілі» және «Женевадағы Әлем кубогының үздік ардагері» атанған. Бұл иттер әлем чемпилнатына алғаш қатысып отыр.

Осы ұйымның жақында өткен жалпы ассамблеясы барысында Қазақстан кинологтар одағы FCI-дің толыққанды мүшесі болды. Бұл тазы мен төбеттеріміздің кез келген халықаралық жарыстарға қатысуына жол ашады.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега