Қазақтың ұлттық асының сапасын бұзған кәсіпкерлерге жаза бар ма? (видео)
«Жас Алаштың» сайтына алматылық азамат шағымданды. Ол өзінің қазақтың ұлттық сусыны «қымыз сатып аламын» деп тұтынушыретінде алданғанын айтып отыр.
Кейіпкеріміз бір бұл емес, Алматыда дәмхана, асханаларда қазақтың сусыны ғанаемес, басқа да ұлттық асының сапасы бұзылып, күмән тудырып тіпті тұтынуғакелмей қалатынына ашынады.
«Үйдегі бала-шаға қымызішкісі келген соң 9 мамыр күні мына жерден 5 литр қымыз, 1 келі қолдың сарымайын сатып алдым. Сатып алар кезде сол жердегі Мадина есімді келіншек «қымыз бен сары майды оларға қаланыңсыртындағы фазендадан әкеледі» деді. Сол жерде бір кесе қымыз іштім. Қымыздыңдәмі маған онша ұнамады, оның үстіне кесенің түбінде кішкентай түйіршектерқалды. Қымыздың сапасына күмән болған соң мен сатушы Мадинадан қымызды кімашытатынын және неліктен кесенің түбінде түйіршік түскенін сұрадым. Мадина маған далада жүрген Ерғали есімді жігітті көрсетіп, қымызды солжасайтынын айтты. Әңгіме барысында Ерғали биелерді өзі сауатынын айтты жәнеқосымша қымызды шеттен әкелетінін айтты. Ешқандай арам ой жоқ, сатып алғанқымыз, қолдың сары майы мен құртты үйге әкелдім»,-дейді ол.
Міне, мәселеніңбәрі осы жерден шыққан.
«Үйдегі бала-шағамжапа-тармағай құрт жеп, бір бөтелкені ашып қымыз ішті. Қалған қымыздыбөтелкелермен салқын жерге қойып қойдым. Кешке қымызды қарасам қымыздың сарысуы жоғары көтеріліп, қатығы тұнып төмен түсіпті, оның үстіне қымыз құйылғанбөтелкелер ісінбеген. Таза қымыз ашып газ бөлінгенде бөтелкелер ісінеді жәнеоның қатығы тұнбайды. Сол кезде алданғанымды біліп, оның үстіне «белгісізсұйықтықпен бала-шағам уланып қалар ма екен» деп уайымдап қымыз бен сатып алғансары майды оқшаулау қойдым. Сары майдың дәмін көрсем тұзы удай, қолдың сарымайының исі де жоқ»,- дейді бізге шағымданған азамат.
Қазақтың төл асының қадірін кетіп жатыр
Осылайша «қазақтыңтөл асының қадірі кетіп жатыр» деген кейіпкеріміз ертеңіне кәсіпкерге барыпоның қателігін түсіндірмек болыпты.
«Ертеңінде қалғанқымыз бен сары майды «кәсіпкерге» апарып беріп ит терісін басына қаптадым.Сөйтсем, қорадағы жеті құлын мен бие сауатын аппараты тұтынушыларды алдау үшінжасалған дүние екен. Мал қораның боғытізеден, жаңбыр жауғанда ол ағып жатқан өзен суына құйылады екен. Ол азболғандай дәретхананы өзен бойындаға жардың шетінен қазған, дәретхана құдығыбетондалмағандықтан адамдардың дәреті суға өтіп жатыр. Алматы қаласының санитарлық ветеринарлықнормасына ережесіне сәйкес санитарлық аймақтарда мал ұстауға болмайды. Олтуралы қала әкіміне жазған хатымда көрсеттім.Ал екінші мәселе мынада: осындай жауапкершілігі жоқ адамдар біздің қазақтыңұлттық асының қадір қасиетін әбден кетіріп болды. Қымыз, шұбан, құрт, ірімшік,жент, талқанға қоспайтындары жоқ.Қазақтың асы сірне мен қуырдақ алсаң өкпе-бауыр мен сүйек-саяқ. Дәмханалардаасылған етке (орысша-башбармак) тапсырысберсең қамыры дүкеннен алынған дәмсіз бірдеңе. Қазының ішегіне шандыр мен сіңірараласып жүреді. Қарында сақталған қолдың сары майыныңда қадір қасиетін кетірді. Осының кесірінен қазірөзіміз қазақтар, ұлттық тағамымызды алғымыз келмейді. Себебі – сенім жоқ. Егербіз өзіміздің ұлттық асымызды ардақтап оны теріс пиғылды адамдардан сақтамасақ,біздің ұлттық тағамдарымыз қадірсіз болып кетеді. Ал ұлттық тағамының қадіріжоқ ұлттың да абыройы шамалы екені белгілі»,- дейді ол.
Редакциядан: Кейіпкеріміз осы мәселелерді қаузап Алматықаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа да хат жазыпты. Біз жергілікті әкімдік мұндай келеңсіздіктергебей-жай қарамай, тиісті шара қолданады деп үміттенеміз.
Мақала соңында тұтынушы мен қымыз сатушы кәсіпкер арасында болған видеоны қосажариялауды жөн көрдік. Онда кәсіпкер бала-шағаны асыраудың қамымен осындайәрекетке барғанын айтады.