Баған

Қазақтың жері биліктің жекеменшігі емес

Райымбек батыр тек Алматы облысы Нарынқол өңіріндегіерліктің үлгісі. Ал Қазақстанымыз бойынша өз жерін, өз елін қасықтай қанықалып, жаны шыққанша қорғап қалған неше мың батыр бабаларымыз болды.

Jasalash.kz

Ол батырбабаларымыздың көпшілігі тарихымызда жазылмай да қалған. Атқа мініп, қолсоғыспен жүріп-ақ, қазағы үшін, оның болашақ тұқым-тұяғы үшін жерімізді қорғап қалып,қолымызға берді ғой. «Ал, ие болыңдар!» деп. Бүгінгі бастықтар бабаларымызқанын беріп аман алып қалған жерді бөтендерге  береміз дейді. «Жер Қытайға берілмесін» дегеніүшін Аян мен Талғатты бес жылға соттатып, түрмеге отырғызды. Ал бұған недейміз? Бір күнге қалдырмай түрмеден шығарсын. Олар мемлекеттің 5 тиынынұрлаған жоқ, басқа қылмысқа барған емес. Осындай теріс жағдайларды біліп-көріпотырып көпшілік үндемейміз-ау, ә?!

Интернет пен газеттің жазғанынан түсінгеніміз,Қытайдың Қазақстандағы елшісі біздің адамдарға сыртын беріп, қыр көрсетебастаған. Бұл нені көрсетеді? Бұл «сендер сияқты ұсақ-түйектілермен сөйлеспеймін»деудің нышаны деп түсінуіміз керек. Қытай сенімге тұратын халық емес. Үлкенбасшыларымыз Қытайға неге ілінісіп-жабысып қалды? Қытайсыз 70 жылдан астам өмірсүріп келген Қазақстан халқы бұдан соң да оларсыз өмірін мүмкіндігіншежалғастыра береді.

Қазақ халқының пікірі мен талабы бірнешеу:

-        Қазақстанда полицияда тұрақты тіркелген 350-360 мың қытай ұлты шығарылсын;

-        Қытайдың Қазақстанға зауыт салуы негізгі жоспардан шығарылсын;

-        Қытайға бір метр жер аренда мен сатуға берілмесін.

-        Қытай Қазақстаннан аулақ жүрсін, болашақ өмірімізде көрмегеніміз Қытайболсын.

Әке-шешесі, бірге туған ағасы, інісі, қарындасыҚытайда қалып, өздері Қазақстанда тірі жетім, тірі жесір отырғандар көп. ҚазақстаннанҚытайға, Қытайдан Қазақстанға өткізбейді. Екі мемлекетте де тірі жетім, тіріжесірлер күн санап көбеюде. Қытай халқы – санасы уланған, дінсізденген,рақымсызданған, жаулағыштық пиғылы асқынған ұлт. Әр халықтың өзіне туа пайдаболған мінез-құлқын ешкім өзгерте алмайды. Олар білдірмей, сездірмеймемлекетіміздің ішкі саясатына кіріп кеткелі отыр. Егер кіріп кетпесе… Қытайхалқын жақын жолатпай, өзімізше өмір сүрсек.

            Ауылды күйрету – қазақтыкүйзелту

Еліміздің басшылары кейінгі 25 жылдан астам уақытөзінің аграрлық саясаттағы «батылдығын», «көрегендігін» жарнамалап келеді.Алайда сол саясаттан мемлекетке де, қоғамға да келіп-кетіп жатқан пайда жоқ.Керісінше, Солтүстік Қазақстан облысындағы астықтан эталон аламыз деп салғанөңдеу зауыты сияқты жобалар қазынаға көптеген миллиардтық зиян әкелді. Оныңсебептері орталықтан бастап, соның басы-қасында жүрген биліктегілердіңбіліксіздігінен болды. Колхоздар мен совхоздар жаудың шаруашылығындай құртылып,фермерлік саясат күштеп жүргізілді. Содан кейін шаруалардың мойнына қаржықұрығы салынды, сөйтіп, ұлттық валюта енгізілгеннен кейін бірнеше жыл бойытеңгені қолына ұстап көрмеген шаруалар аз болмады. Сол жылдары ауыл тұрғындарытөрт кесек сабын үшін бір қой, ал әйелдердің бір пар етігі үшін бір тай немесебір тана беруге мәжбүр болды. Жарық, отын, көлік және басқа да қызмет түрлеріүшін малмен есеп айырысып, бұрынғы премьер-министр Сергей Терещенконың «бармалды шаруалардың өздеріне таратып беріп, қарық қылдық» дегені осындай бартерлікжолмен екі жылға жетпей таусылып біткен.

Колхоз-совхоздардың басшыларымен, мамандарымен жәнеөмір бақи малмен айналысып жүрген шаруа адамдарымен ақылдаспай, кеңседе отырыпшешім шығара салғандары аграрлық саясаттағы соқырлық болды.

Мұнайдан түскен долларлар көбейген кезде мемлекетбасшысы «Ауыл жылдарын» жариялап, үш жылға ауыл шаруашылығын көтеругемиллиардтаған қаржы бөлді. Бұл қаражат нақты тауар өндірушілерге жетпей, ортажолда әртүрлі билік құрылымдарының шотына, ал қомақты бөлігі шенеуніктердіңқалтасына түскен. Бұл фактілер уақтысында баспасөзде жазылды да. Өзін сыйлайтынкез келген мемлекет ауыл шаруашылығы мәселесін шешкен кезде аграрлыққарым-қатынасты анықтап алады, ал оның мән-мазмұны келесі шарттарға келіп тіреледі:

-        жер мәселесі – адам өмірінің басты қайнар көздерінің бірі;

-        жермен жұмыс істейтін шаруалардың мәселесі;

-        жерді өңдеу техникасы мен әдістері;

-        әлеуметтік мәселе – қала мен ауылдың, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығыныңқарым-қатынасы және ауыл тұрмысы.

    Біле білсеңіздер, кезіндеҚазақстан Кеңес Одағының астық қоймасы және ірі мал базасы саналды. Басқажетістіктерді айтпай-ақ қойғанда, республикада өндірілген тауарлы астықпен 100млн халықты нанмен қамтамасыз етуге және одақтық қорға 360 млн тонна жоғарысапалы ет өткізіп тұруға мүмкін болған. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпенқамтамасыз етіп қана қоймай, өңдеу өнеркәсібін шикізатпен қамтып тұрды. Тамақпен жеңіл өнеркәсіптер тауар айналымының 70-75 пайызын беретін және бұл салаларбюджетті құратын негізгі тірек болатын.

Міне, құрметті оқырман, қайда қарасаң да, қайда барсаң да, жерсіз адамбаласына, жалпы, халық шаруашылығына өмір жоқ.

Күнделікті өмірде көріп жүргеніміз, тамақтың барлық түрі дерлік, өнеркәсіп тауарларытүгелімен шет мемлекеттерден әкелініп, халық қанша қымбат болса да, нақтыақшасына сатып алуға мәжбүр. Басқадай амалы жоқ. Солардың кемінде 50-60 пайызыөзімізде өндірілсе ғой, халыққа көп жеңілдік болары сөзсіз. Қазақстанымыздабәрі болды ғой. Неше түрлі зауыт-фабрикалар, ауыр және жеңіл өнеркәсіпорындары. Барлық облыс орталықтарында, тіпті кішігірім қалаларда еткомбинаттары мен сүт өнеркәсіп орындары күнделікті 24 сағат жұмыс істеп,шығарған азық-түлігін таңғы сағат  6-7-дедүкендерге жіберіп отырды.

Осы айтылғандардың барлығы Қазақстанымызда өндіріліп, артығы шетмемлекеттерге жіберіліп тұрғанына біз куә. Алматы қаласындағы екі үлкен сүт зауытытәулігіне 560-570 тонна сүт қабылдап, өздері неше түрлі сүт азығын даярлап,дүкендерге жіберіп тұрды. Шетелден бір грамм да сүттен жасалған өнім алғанемес. Олар бүгінгі күні қайда?

  1992 жылдың 1 қаңтарында елімізде 2523 совхозбен колхоз бар еді. Кейін олар ауыл-ауылға айналды. Бүгінгі күні тоз-тозы шығыпжоқ болуға айналған ауылдар саны көбеюде. Су болмаса, болған жол тозып бітсе,мектептердің қабырғасы құлап, төбесінен су ағып жатса, халықта жұмыс болмаса,қалай тұруға болады? Күнкөрісі таусылып, қиналған жұрт аудан орталығына жұмысіздеп, үй іздеп барады. Үй табылса, қалтасында көк тиын жоқ. Одан қаңғып қалатөңірегіне келеді. Ол жерде оған кім, не береді, жұмыс жоқ, өздері өлместіңкүнін әрең көріп жүрген байғұстар. Міне, ауылдағы адамдардың жағдайы.

Бір мысал: Солтүстік Қазақстан облысындағы Ақжар ауданына қарасты, біркездері байлығы асып-тасыған, өркендеген, бұрынғы совхоз орталығы болғанБостандық ауылы азып-тозып, халқы бет ауған жаққа күнкөріс үшін көшіп, быт-шытышыққан. «Ауыл адамдарынан қалған ескі тамдар ит пен есекке қалқа боп шетіненқұлап жатыр» деген хабар баспасөз беттерінде бұрын жазылды.

Бостандық ауылы, құлазыған дала жым-жылас боп тұр. Малқораларының төбесіортасына түскен, кәдімгі бомбылап кеткендей. Мұндай тас-талқаны шығып жоқболуға айналған ауылдар Қазақстанның облыс орталықтарынан қашық аудандардыңбәрінде бар. Бұған сенбеген депутаттар болса, босқа қалғып-мүлгіп отырабергенше республикамыздың ауылдарын әрқайсысы 10 күннен командировка алып, өзкөздерімен көріп шықсын.

Мысалға, мәжіліс депутаты, құрметті ақсақал Владислав Косырев қала сыртынашықпағанына көп жыл болыпты. Сол кісі бастап, Қызылорда, Шығыс Қазақстан,Жамбыл облыстарының, қала төңірегіндегі емес, ең алыс 300-400 километрлікжердегі ауылдарына барып жағдайларын біліп қайтса… Сонда былтыр Астанадаөртеніп өлген бес кішкентайды әке-шешесі неге тастап кетті деген өз сұрағынақолма-қол жауап алар еді. Косыревқа ескерту керек, жолдары нашар, көбіне атпенжүру керек. Сондай-ақ Владимир Божко, Гүлжан Қарағұсова, Гүлмира Исембаевасияқты өжет депутаттарымыз баршылық, солар да барып қайтсын. Депутаттардыңауылға деген командировкасын тарап кетпей тұрып, тез арада президент Тоқаевжолдас шешуі керек.

Қалаларда тұрып жатқан көптеген шенеуніктер болсын, қалада туып-өсіп,оқыған азаматтар, әсіресе кейінгі жастар дала өмірінен, ауыл өмірінен хабарсызекенін кінәлауға болмас. Өйткені олардың өмірлері солай болды.

Ауыл адамдарының өмірінен бейхабар. Нанды, етті, майды, жемісті, тіптіазықтың барлық түрі мен киіп жүрген киіміміздің барлығын Құдайдың қара жеріберіп жатқанын үлкендер түсіндіре жүргені абзал. Киім немесе тамақты дүкенгебарды, ақшаға алды. Жер мен мал бар ма, жоқ па, онда жұмысы жоқ. Қытай басыпкіргенімен тұрмай, тек суы бар, табиғаты жақсы, жазық жерді талап етуде.

Бүкіл Қазақстан халқының талабы біреу: қазақтың жері адам баласына жалғаберілмесін және сатылмасын! Жалға беру, сату өмірлік күн тәртібінде жоқ болсын!Жер президенттен бастап, ешбір биліктегілердің жекеменшігі емес!

Қазақстан халқы тәуелсіздігімізді алдық деп, бөркін аспанға лақтырып жүр.Тәуелсіздікті біз ешкімнен соғысып тартып алғанымыз жоқ. Иманды болғыр БорисЕльцин Совет өкіметін таратты да, әр мемлекет өз алдына бөлек болып қала берді.Қазақстан да сол өз алдына бөлек болып қалған мемлекеттің біреуі. Бар шындығыосы.

Қазақстан халқының ендігі тапжылмас міндеті – өз мемлекетіміздің болашағыүшін, өркендеп дамуы үшін, өткен кемшілікті еш уақытта қайталамау үшіндемократияға тез арада қол жеткізіп, экономикамыз көтерілген, тату-тәтті халыққолдаған біртұтас, тұрақты, тәуелсіз мемлекет болу.

Бекен КӨКІШҰЛЫ,

ауыл шаруашылығы маманы,

еңбек ардагері,

экономика ғылымының кандидаты

 Алматы қаласы

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега