Саясат

Қажыгелдин: Бергейді Дариға үшін қуғындады

Атырауоблысының экс-әкімі қайтадан Қазақстанның саяси өміріне араласады. Яғниоппозициялық күштермен бірікпек.

Jasalash.kz

Бұл туралы Қазақстанның бұрынғыпремьер-министрі Әкежан ҚАЖЫГЕЛДИН мәлімдеді.

Францияда«Ақиқат» партиясының төрағасы Ермұрат БАПИ бастаған қоғам қайраткерлері менбелсенділер 20 мамыр күні бас қосқан еді. Ол кездесу facebook.com әлеуметтік желісінде тікелей эфир арқылы таратылды. Жиынға Әкежан Қыжыгелдинмен Бергей Рысқалиев те келген еді.

«Европада қашып жүрген экс-шенеуніктер көп. ҰҚК басқарған Елнұр МҰСАЕВ бар. Көп көрінбейді. Кейде facebook әлеуметтік желісіне шығады. Ал Бергейдің өмірі, тағдыры, жағдайы да басқаша. Ол туралы менен Ұлыбританияның саяси басшылығының өкілдері сұрастырды. Бергейді жас кезінен танимын. Кәсіпорын одағынан. Құрылысшы жас жігіт еді. Аслан МУСИННІҢ қасында жүрді. Бергей Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ туысқаны емес. Керісінше Назарбаев қолынан іс келетін жігітті қасына тартып алды. Бірақ, әдетте болатын нәрсе болды. Неге Назарбаев оны қуғындап жатыр? Неге Храпунов кетіп қалды. Сосын 10 жылдан кейін қылмыстық іс қозғалды. Біреулер ықпал етті. Бергей РЫСҚАЛИЕВ өз бетінше шетелге кетіп қалды. Ол Нұрсұлтанға қауіпті емес. Жас жағынан Дариғаға қауіпті. Баяғыда Францияда мен Ғалымжан ЖАҚИЯНОВҚА айтқам. «Сендер Мұхтар ӘБЛЯЗОВ бәрің шатасып жүрсіңдер. Қарсыластарың Нұрсұлтан екеуіміз емес, Дариға», дегем. Бергейді қуғындау арқылы Дариғаға жол тазартылды. Бергей туралы екі эксперттің қорытындысын оқыдым. Біреуі атақты ғалымдікі. Екіншісін мен жақсы танитын бұрынғы ФБР директоры жазған. Бұндай құжатпен ол қалтасында грин карта бар сияқты жүре алады. Бергей қазір Еуропада емін-еркін жүр. Жұмысын жасап жатыр. Ол көп уақыт жазықсыз күйіп кеткен командасына жәрдемдесті. Енді міне өз елінің саяси өміріне араласпақ», — деді Әкежан МАҒЖАНҰЛЫ.

2013жылы Бергей Рысқалиевке іздеу жарияналынып, ол құрған қылмыстық топ мемлекеттікбюджеттен 500 млн АҚШ долларын жымқырды деген айып тағылған еді.

«МенҚазақстанның саяси өміріне бұрын араластым. Солардың араларында жүріп өзгерісжасағым келді. Бірақ ол мүмкін емес екен. Мен ол жақта қалып қойсам 15 жылғасотталар едім. Бір нәрселер айтқан болар едім. Бірақ Арондар сияқты қамалатынымбелгілі. Сыртта көмегімнің болатынын білдім», — деді Бергей СӘУЛЕБАЙҰЛЫ.  

Бұл бас қосуда президенттік сайлау, алдағы парламенттік сайлау да сөз болды. Сондай-ақ, елдегі саяси жағдай мен ЖСДП-дан «Ақиқат» болып жаңарған партияның алда атқаратын жұмысы талқыланды.

Фото: azh.kz

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега