Саясат

Қазір ешқандай критерий жоқ - Цой ревакцинация туралы

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан коронавирусқа қарсы ревакцинацияға қалай дайындалып жатқанын айтты.

Jasalash.kz

«Ревакцинация мәселесі қазір әлемдегі барлық елде бар. Қазақстанда ғалымдар, клиниктер, дәрігерлер мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарынан жұмыс тобы құрылды. Біз жетекші халықаралық агенттіктер мен ДДСҰ-дан ақпарат сұраттық. Барлық тәжірибе жинақталады. Қазір ешқандай критерий жоқ, өйткені COVID-19-ға қарсы ревакцинация әлемдегі жаңа тәжірибе. Біз барлық деректі біріктіргеннен кейін, жақын арада халықты иммундау жөніндегі консультативті комиссия қорытындысынан кейін, сарапшылар тобы шешім шығарады. Біз бұл туралы міндетті түрде (жұртшылыққа. — ескерт.) хабарлаймыз», — деді Цой Үкімет брифингінде.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега