Баған

Қазіргі оппозицияның сиқы

Кеңестен кейінгі кезеңдегі саяси оппозицияның атқарғаншаралары сипаты жағынан XIXғасырэмпиризмідеңгейінен аса алмады: халыққа ұран тастайық, митингіге шақырайық,сонан кейін жүз мыңдық колоннаны бастап Ақордаға беттейік!

Jasalash.kz

Иә, ұран тасталды,митингіге шақыру болды, бірақ, жүз мыңдық бұқара жиналған жоқ. Бәрі керісіншеболды. Саяси ұйымдардың саны да, қызметінің сапасы да төмендей берді. Олар ұйымдастырғанбұқаралық қимылдар да жіңішкеріп барып, үзіле берді. Қатысушылары да біртіндепазайып отырды. Қазіргі тірілері тек жабық ғимараттарда ғана жиналып, аз санды қолдаушыларыментүрлі декларациялар ғана қабылдай алады. Саясиоппозиция халық үшін, бірақ халықтың қатысуынсыз әрекет етті.

Кеңестен кейінгі кезеңде түрлі оппозициялық топтар сын сағаттардабірлесе қимыл жасай алмады. Әр қайсысы билікке барудың өздерінше төте жолынсалуға тырысты. Бәрі бұқаралық қозғалыстың толқынында билікке келіп, өзгелерденбұрын көсемдік орынға жайғасып алғысы келді. Мұнысы олардың өзара бәсекелестігінтудырды. Саясаттағы мейілінше кесірлі қылық осы болып шықты. Осы кесірдіңсалдарынан шешуші сәттер мүлт кетті. Шаруаға тән топтық әрекеттер нәтиже беруімүмкін емес еді. Билік оларды бірін біріне айдап сала отырып, бәрін құрту мүмкіндігінеие болды.

Саяси оппозиция түрлі өзекті мәселелерді көтеріп, бейбітжиналыстар, митинглер, демонстрациялар өткізуге рұқсат сұрап, жергілікті әкімдіктергеарыздар түсірді. Бірақ, онысынан нәтиже шықпады.

Саяси оппозиция қоғамның даму үдерісінде шешуші рөл атқаратынзиялы өкілдерімен тіл табыса алмады. Халық арасында кең танымал, көпшіліктіаузына қарата алатын, жоғары беделді адамдардың кейбіреулерімен қайтып жүздеспейтіндейбет жыртысты.

Қанағат ЖҮКЕШЕВТІҢ «Билік метаморфозасы 

және әлеуметтік-психологиялық апатия» мақаласынан.

(жалғасы бар).

Фото: hrw.org

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега