Қоғам

"ҚазМұнайГаз" басшысының бірінші орынбасары қызметінен кетті

"ҚазМұнайГаз" басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев денсаулығына байланысты қызметінен босатылды. Ол бұл лауазымды 2024 жылдың мамырынан бері атқарып келген.

Фото: ашық дереккөзден

Құрманғазы Есқазиев 2026 жылғы 9 қарашадан бастап қызметінен кеткен. Қазір ол 61 жаста.

Есқазиев 1985 жылы еңбек жолын "Ембімұнай" мекемесінде оператор-жинаушы болып бастаған. Кейін геология және мұнай кен орындарын барлау саласында жұмыс істеп, басшылық қызметтерге дейін көтерілген. Әр жылдары "Ембімұнайгаз", "ҚазМұнайГаз – барлау және өндіру" компанияларын және Kalamkas – Khazar Operating мекемесін басқарған.

2022 жылы "ҚазМұнайГаз" басқарма төрағасының міндетін уақытша атқарды. Ал 2024 жылдың мамырында ұлттық компания басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Сонымен қатар Ақтаудағы өкілдікті басқарды.

Құрманғазы Есқазиев "Құрмет" және "Парасат" ордендерімен марапатталған.

Сайт Әкімшілігі