Әлеумет

«ҚазТрансГазАймақ» Атырауда кәсіпкерлерден заңсыз 45 млн алмақ болыпты

Атырау облысында коммуналдық сала бойынша қызметкөрсететін монополист мекемелерге қатысты бірнеше заң бұзушылықтар анықталды.

Jasalash.kz

Атап айтқанда, Жылыой аудандық прокуратурасы «Жылыой Су» мемлекеттік кәсіпорнының«Intermet Group» ЖШС-мен бағалау құны 16 млн.теңге тұратын қара металдарды (суқұбырларын және су сақтау қазанын) сату шартын заңсыз жасаған. «Мемлекеттікмүлік туралы» Заңының талаптарына сәйкес мемлекеттік мүлікті иеліктен шығаруаукцион арқылы жүзеге асырылуы керек болатын. Алайда, бұл талап көпе-көрнеубұзылған.

Сол сияқты, Құлсары қаласының әкімдігі ҚР Ұлттықэкономика министрінің бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлікбасқаруға беру» қағидаларының талабын сақтамай, құны 32,4 млн. теңге құрайтынарнайы техникаларды «Жылыой Тазалық» ЖШС-не ешқандай тендер өткізбестен,сенімгерлікке беріпті. Прокурорлық қадағалау актісі негізінде заң бұзушылықтаржойылып, 48,4 млн. теңге тұратын мүлік мемлекетке қайтарылды. Олқылықтарға жолберген екі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 

Өз кезегінде Атырау облысының прокуратурасы  «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның кәсіпкерлерден артықжұмсалған тауарлық газға заңсыз төлемақы талап ету дерегін анықтады. Монополистмекеме артық жұмсалған газ есебін өздеріне пайда әкелетіндей етіп қолданыпты,ал кәсіпкерлер газдан айырылудан қорыққандықтан белгіленген төлем сомасына еріксізкеліскен.

Түсіндіре кетсек, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ ҚР Энергетика министрінің «Тауарлықжәне сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларынбекіту туралы» №96 бұйрығының талаптарына сәйкес 1,5 коэффициентті тек артықпайдаланылған газ көлеміне қолданылуы тиіс еді. Алайда, аталған коэффициентмөлшері барлық пайдаланылған газға есептелген.

Жалпы алғанда, 2018 жылдың қараша және желтоқсан айларында сегіз жүз кәсіпкергеосылайша 45 млн. теңгеге заңсыз төлем белгіленіпті. Прокуратура актісімензаңсыз төлем туралы құжаттың күші жойылып, кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды.Акционерлік қоғамның жауапты қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылыпотыр.

Фото автордікі. 

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега