Саясат

ҚДП: Билік Қытайдан қорқады

Бүгін Алматықаласындағы адам құқықтары мен заңдылықты қорғау бюросында Қытайдан Қазақстанғазаңсыз өткен Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлына қатысты баспасөз мәслихатыөтті.

Jasalash.kz

Жиынға Қазақстан демократиялық партиясын құрушы бастамашыл топ өкілдеріТөлеген Жүкеев, Жанболат Мамай және Ырысбек Тоқтасын қатысты.

Жанболат Мамайдыңсөзінше, Қастар мен Мұрагерді Қытайға қайтару мәселесі қоғамның ашуын туғызатындүние. Себебі Қытайдағы қазақ мәселесі қазір қызып тұрған мәселелердің бірі.

«Қазір Қастер мен Мұрагерді қорғау өте қарқынды жүріпжатыр. Біз оларды Қытайға қайтару қоғамның ашуын туғызатын, жанды жеріне тиетінмәселе деп ойлаймыз. Біз бұған түбегейлі қарсымыз. Себебі олар қайтаданҚытайдың қолына түсетін болса, онда олар өлім жазасына кесілуі мүмкін. Бұлбіздің саяси позициямыз ғана емес, осыған байланысты біз құқық қорғаушыларменде сөйлестік. Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқықтары жөніндегі конвенциясының12 пунктінің 31 бабында «егер қандай да бір азаматқа (шекараны заңсыз бұзыпөтуіне қарамастан) азаптау, қинау, өлім жазасы қауіптері төніп тұрған болса, олкері қарай берілмеуі керек» деп, тайға таңба басқандай жазылған. Бұл заңҚазақстанда да ратификацияланған. 1951 жылғы БҰҰ-ның конвенциясында «егеразаматтар мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтіп, бірден мемлекеттік органдарғабарып, өзі келген елде оған қауіп төніп тұрғанын мәлімдейтін болса, олартүрмеге де қамалмауы керек. Қамалған күннің өзінде аты-жөнін анықтау үшін бірнешетәулік қана ұсталуы қажат» деп көрсетілген. Ол заңды Қазақстан қолдаған. ЯғниҚастер мен Мұрагердің ШҚО абақтысында отыруының өзі заңсыз… ҰҚК неге осыазаматтарды Қытайға береміз деп отыр? Өйткені біздің билік Қытайдан қорқады. Тоқаевтың(Неміс толқынына – ред) берген сұхбатын алып қарасақ, бұны құлдықпсихологиядағы сұхбат деп айтуға болады. Қытайдың бодандығындағы ел сияқтымәлімдеме жасау, Тәуелсіз мемлекеттің басшысына тән мәлімдеме емес. Сондықтанбіз бұған үзілді-кесілді қарсымыз. Қазақ азаматтарын Қытайға беру мемлекеттарапынан жасалған қылмыс деп санаймыз. Бұл екі азаматтың Қазақстаннан басқабаратын жері жоқ. Сондықтан ол екі азаматты қорғау, өмірін аман сақтап қалуазаматтық қоғамның, мемлекеттің үлкен борышы міндеті. Қазір Қытайда болыпжатқан бассыздықтар мен консантрациялық лагерьлер туралы Батыс пен АҚШ-тыңқұқық қорғау ұйымдары мен БАҚ құралдары «Қытайда мұсылман жұртшылығына қарсымәдени геноцид болып жатыр» деп ашық мәлімдеп отыр. Осыған байланысты Қазақстанүкіметі арнайы мәлімдеме жасауы керек», — деді Мамай.

Саясаткер ТөлегенЖүкеев пікірінше, бұл Шыңжаң қазақтарының ғана мәселесі емес, жалпы қазақхалқының алдында тұрған проблема. Себебі ұлттық, мәдени, діни құндылықтардыжоғалту қауіпі бар.

«Бұл Шыңжаң қазақтарының ғана мәселесі емес, жалпы қазақхалқының алдында тұрған проблема. Ұлттық, мәдени, діни құндылықтарды жоғалтыпалу қауіпі төніп тұр. Қытайлықтар терроризммен күресті желеу етіп, өзініңұлттық құндылықтарын сақтап қалғысы келетіндермен күресуде. Біз барлығы үшінараша бола алмаймыз. Бірақ, біздің сол жақтағы қазақтарға араша түсуіміз тарихижәне моральдық міндетіміз. Егер оларды қазір қорғай алмасақ, онда өз өзіміздіешуақытта қорғай алмаймыз. Биліктің қазіргі іс-қимылы өте ұят дүние. Бұлбірінші жағдай емес. Бұған дейін Сайрагүл Сауытпай кетті. Иә, оның отаныШыңжаң. Бірақ оның нағыз отаны Қазақстан. Адамдар жақсы өмірден шекара аспайды.Олар өздерінің тарихи отанынан қорған сұраса, біз оларды қорғауымыз керек. Өкінішкеорай біздің билік бұны істей алмай отыр. Оларың қорқақтығында шек жоқ. МеніТоқаевтың соңғы сұхбаты таң қалдырды. Адамның жеке саяси мәселелері, кітапханабасшысымен қарым-қатынас проблемалары болуы мүмкін. Бірақ бұл өзінің жекемәселелерін шешу үшін мемлекетті бейшара күйге түсір дегенді білдірмейді. Егерол президент болғысы келсе, бұндай мәлімдемелер жасамауы тиіс. Өз өзінсыйлайтын кез келген саясаткер бұндайға жол бермейді», — деді саясаткер.

Азаматтық белсендіЫрысбек Тоқтасын Шыңжаңда мұсылман азшылығына жасалып жатқан қысымдарды «геноцидтіксаясат» деп есептейді. Себебі қайта тәрбиелеу орталығы деп аталатын құрылым шынмәнінде түрмеден де ауыр жер.

«Қытайда болып жатқан дүниелер біз айтпасақ та барлығыңызғамәлім. Қытай үкіметінің Шығыс Түркістандағы өзінің атамекенінде тұрып жатқанмұсылман азшылығына көрсетіп жатқан қысымын геноцидтік саясат десек, артықайтқандығымыз емес. Себебі қайта тәрбиелеу орталығы деп аталатын құрылым шынмәнінде түрмеден бетер жер. Қазір сол жазалау лагерьінде 1 миллионға жуықмұсылман азшылық қамауда отыр. Соңғы уақыттары Қазақстан үкіметі менхалықаралық ұйымдарының араласуы әсерінен қазақтарды белгілі бір дәрежедебосатқандай болды. Бірақ сол жердегі туыстарын кепілдікке алып қалу арқылыоларды уақытша ғана жіберіп отыр. Көптеген аудандарда бұл мәселе әлі сақтаулы.Ол лагерьлер әлі жабылмаған. Онда қазақтар әлі бар. Қастар мен Мұрагердің қашыпкелуі ол жайдан-жай емес. Қытайда қазір қылмыс жасамасаң да, кім ұлтшыл, кімкәсіпкер, кім белсенді соларды негіз етіп, қамауда. Өйткені олардың барлығыұлттық сорпа бетіне шығар азаматтар. Бұл екі азаматтың да еті тірі, ұлт жанды екендігікөрініп тұр. Олар да сол жақта ұлттың сөзін сөйлеген. Сол үшін бұған дейін деқудалауда болған. Бұлар өздерін кезекті түрме жазасы күтіп тұрғанын білген.Содан ауылдарына бармай бергі бетке өтіп кеткен. Бейбіт заман болса,бала-шағасын, отбасын тастап қаша ма? Олардың басына өлім қауіпі төніп тұрды.Содан Қазақстанға қарай бас сауғалап, пана іздеп келді. Бұл осы екі жігіттіңбасындағы жағдай емес, сол жақтағы қазақтың басындағы мәселе. Көп адамдар қашыпкелудің жолын таба алмай отыр. Егер жолын білсе ешқандай қазақ қалмас еді мынажағдайда», — деді Тоқтасын.

Қазақстандағы адамқұқықтары мен заңдылықты қорғау бюросының өкілі Инга Иманбайдың сөзінше, ҚастерМұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлы Қазақстан аумағында заңсыз жүрген жоқ. Себебі оларға«босқын мәртебесін іздеуші» құжаты берілген.

«ҰҚК мәлімдемесі барлық халықаралық заңдарға қайшы.Себебі олардың қазірдің Қазақстан аумағында ресми статусы бар. Босықанмәртебесі Қазақстанда өмір сүруге арналған статус болса, босқын мәртебесініздеуші дәл сондай статус. Бұндай мәртебе қазір Қастарде де, Мұрагерде де бар. Сондықтаноларды Қазақстан аумағында заңсыз жүр деп айтуға келмейді. Олар ең алғашкелгенде өздері барып, босқын мәртебесін іздеуші статусына құжаттарын тапсырды.Екі аптаның ішінде босқын мәртебесін іздеуші статусын алды», — деді Иманбай.

Естеріңізге салайық,желтоқсан айының 5-і күні ҰҚК шекара қызметінің директоры Дархан Ділмановшекарадан заңсыз өткен этникалық қазақтар Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлынсот процесі аяқталғанан кейін Қытайға қайтаратындықтарын мәлімдеген. Кейіннен бұлмәселе әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде қызу талқыланып, көпшілік өзініңнаразылығын білдірген.

Осыдан бірнеше ай бұрын БАҚ беттерінде ҚытайданҚазақстанға заңсыз өткен Қастар Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімқұлы жөнінде ақпараттараған. 14 қазанда Алматыдағы адам құқығын қорғау бюросында өткен баспасөзмәслихатында Қастер Мұсаханұлы Шыңжаңдағы «саяси лагерьде қамаудаболғанын», Мұрагер Әлімұлы Қытайда "қысым көргенін" мәлімдеген.Осыдан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті екеуін «шекараны заңсыз кесіпөтті» деген айыппен ұстап, ертеңінде Шығыс Қазақстан облысына алып кеткен.

Қазан айының 30-ы күні ҰҚК Шекарақызметінің директоры Дархан Ділманов шекараны заңсыз бұзып өту фактісі бойыншақылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатқанын және бірқатар лауазымды тұлғалартәртіптік жауапкершілікке тартылғандығын мәлімдеген.

Фотоны автор ұсынды

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега