Сараптама

Қиналған кісі қаржы іздейді

19наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан халқы карантинде отыр. Ел карантингежабыла салысымен билік шағын және орта бизнесті қолдайтындарын, олардытығырыққа тіремейтіндерін айтып мәлімдеме жасады.

Jasalash.kz

Бұған қатысты қаржы нарығынреттеу және дамыту орталығының төрайымы Мәдина Әбілқасымова 90 күнге дейінелдегі бизнесмендердің несиесі кешірілетінін жария етті. Іле-шала отандықбизнесті қолдауға  қосымша қаржыбөлінетіні де қоса айтылды. Бұл ретте бизнеске қойылатын талап – ішкі нарықтағыбағаны көтермеу.

Хош, сонымен,  төтенше жағдайда бизнестің бабы табылғантәрізді.  Ал қарапайым халықтың ше?!Бұқараның көңілі қазір күпті. Карантинге қамалған ел дерттен сақтанудыңжолдарын ойлауы керек еді. Өкінішке қарай, біздің карантиндегі халық несиені ойлап ғаріп боп отыр.

Деректергежүгінсек, елімізде экономикалық белсенді, яғни табыс табуға қабілетті  9 млн 230 мың адам бар болса, оның 7 млн 500мыңының мойнында несиесі бар. Борышкерлер екінші деңгейлі банктер мен қаржыұйымдарына 26 трлн теңге қарыз.  Еліміздемүлде қарыз алмаған 1,7 млн адам ғана бар екен. Ал енді мұндай жағдайдаАлматы мен Нұр-Сұлтандағы елдің несиесін ойлап уайымға батуы түсінікті де.  Елдегі несие бюросының мәліметінше,  қарыз алушылардың азғантай тобының ғанакепілзатсыз несиесінің көлемі 5-10 млн теңгеден асып отыр. Бөлшек несиені,автонесиелендіруді, ипотекалық қарызды тұтас алып халық санына бөлетін болсақ,әр қазақстандыққа 1 млн теңге қарыз жүктемесі артылады екен.  Бұл санды орташа жалақыға бөлсек, елазаматтарының қарызға белшеден батып отырғанын пайымдауға болады.

Ал енді нақ бүгінгідей төтенше жағдайда не істеу керек?Қазірде карантиндік режимге өте салысымен жұмысшыларының біразын ақысыздемалысқа жіберген жұмыс орындары да бар. Онлайн режимде жұмыс істеугекелмейтін зауыт, кәсіпорын, фабрикалар бірқатар жұмысшыларын демалысқа жіберіпте үлгерді.  Сол тәрізді кейбір саудаүйлерінің, мейрамханалардың да жұмысшылары ақысыз демалысқа жіберілген. Мұндайдажұмысынан бір ай бойы еңбекақы алмайтын азаматтардың несиесін кім кешіреді?!Үкімет қарапайым адамдардың несиесі туралы түк айтпады. Қаржы нарығынреттеу агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымованың  сөзімен айтсақ, сізді несие төлеуден ешкімбосатпайды. Тек жағдайыңыз қиындап, кезекті айдағы кредитіңізді жаба алмасаңыз,өткізіп алған күндеріңіз үшін айыппұл ғана төлемейсіз. Ал негізгі қарызыңызқордаланып тұра береді. Қазір Алматы, Нұр-Сұлтан, Атырау, Алматы облысындағыжеке тұлғалардың жалпы несие қарызы 14 триллион теңгені құрап отыр. Бұл –еліміздің біржылдық бюджетінен де артық сома. Олардың бәріне бір мезетте несиеканикулын жариялау банк секторы үшін ауыр тиетіні сөзсіз. Бұл ел экономикасынақауіпті дүние. Үкіметтің жеке тұлғаларды төтенше жағдай кезінде несиеденбосатпауының бір себебі де осы. Есесіне Мәдина Әбілқасымова несие тарихы нашаржандарға «жақсы жаңалық» айтты. Егер бұрыннан қордаланып қалған борышыңыздыңосы күндері жартысын өтесеңіз, сіздің аты-жөніңізді қара тізімнен сызыптастамақ. Бірақ мұндай төтенше жағдайда еңбекақысыз қалған ағайын қайтіп қордаланыпқалған борышын төлесін?! Міне, осы жайттарды тізе келе, біз елдегі несиесаясатының сауатсыз жүйеленгенін тағы бір пайымдаймыз.

 Осы тұста басынакүн туғанда «халықтың тірнектеп жинаған зейнетақысы неге өзіне берілмейді»деген сауал туындайды. Пайымдасақ, Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорынан бұғандейін салаларды қолдауға біршама млрд-тар бөлініп келді. Өткен жылы Бірыңғайжинақтаушы зейнетақы қорынан 170 млрд теңге Қазақстан теміржолының жұмысынжандандыруға берілді. Қазақстан теміржолы бұл қаржыны  БЖЗҚ-дан  15 жылға алып отыр. Сыйақы мөлшерлемесі – 11,5пайыз. Бұдан бөлек, зейнетақы жинағымыздың 450 млрд теңгесі ауыл шаруашылығындамыту үшін «ҚазАгро» холдингіне берілді. Бұл бөлінген қаржыны «ҚазАгро»холдингі жыл сайын 10 пайыздық үстеме төлей отырып, 15 жылдың ішінде зейнетақықорына қайтарып беретін болады. Бұған қоса, банктер мен қазақстандықкорпоративтік эмитенттерді қолдау үшін  БЖЗҚ-дан 200 миллиард теңгеге дейін инвестициясалынды.

Сонда зейнетақықорындағы қаржы ұлттық экономикаға серпін беру үшін арнайы салаларға бөлінеді.Ал бірақ қарапайым халықтың өзінің жинаған жинағы осы уақытқа дейін өзпайдасына асыруға беріліп көрген жоқ. Қаржыгер Айман Оразәлиеваның айтуынша, зейнетақы қорындағы қаржыны карантинніңкесірінен жұмыссыз қалған жұрттың несиесін жабуға жұмсау керек.«Елорда мен Алматы халқы үшін тымқұрығанда осындай көмек көрсетілгені абзал», – дейді  маман.

  Қаржыгердің пайымынша, бүгінде еліміздің 8 млн азаматы жұмыспенқамтылған. Оның ішінде 2,5 млн адам ғана зейнетақы жарнасын жыл он екі ай үзбейаударады. 6,6 млн салымшының зейнетақы жинағы 1 млн теңгені құраса, 282 мыңадамның салымы 5 млн теңгеден асады. БЖЗҚ-да 10 трлн теңгеден астам қаржыжатыр. Осындай сын сәтте халыққа көмектесу керек.

«Несие аларда банктер зейнетақы жинағы бар ма, жоқ падеген дерекке қарайды. Адам несиені төлеу қабілетінен айырылғанда, құдай бетінәрі қылсын, қайтыс болған жағдайда зейнетақы жинағынан қаражат алу жайықарастырылады. Сондықтан осыны есепке алып, төтенше жағдайда жұмыссыз қалған адамдардыңнесиесін зейнетақы жинағынан алуға рұқсат беру керек», – дейді қаржыгер АйманОразәлиева.

 Ал экономист-ғалым ДәуренАрынғазының айтуынша, зейнетақы қорындағы қаржы халықтың жинағы болғаннан кейінол халықтың игілігіне жұмсалуы тиіс. «Жинақта жатқан қаржы инновациялық бағытты ұстанған салаға,инфрақұрылымды дамытатын салаларға бөлудің жемісі бар деп ойлаймын. Кейінгіжылдары бұл салаға қатысты жақсы пікірлер айтыла қоймайды. Заңсыздық көп.Сондықтан жианқталған қаржыны да қатаң бақылауға алу қажет. Олай етпесек бізкүні ертең халықтың жиған зейнетақысын желге ұшырамыз», – дейді маман.

   Жалпы, мамандар пікірінен аңғарғанымыз,елдің несиесін тым құрығанда бір айға жеңілдету үшін зейнетақы жинағынпайдалану да проблемадан шығудың бір жолы. Билік осындайда бейқам қалмай, бұқараны қолдаудың шараларын қарастырукерек екені анық. Олай етпесек қарапайым халықтың көңілі қазір күпті. Карантинкезінде азық-түлік бағасы бір қымбаттап, несиенің уайымы бір ойлантып, көпшілік«жұмыссыз қаламын ба» деп тағы ойланып, халық әрі-сәрі болып отыр. Сондықтаналдағы уақытта билік бұқараны тар жерде тығырықтан шығарудың амалын қарастырадыдеп бек сенеміз.  

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега