Саясат

Қоғамдық қозғалыстар бірікпек

Президенттік сайлау кезінде тәуелсіз бақылаушы болған белсенді жастар «Республика»атты қозғалыс құрды.

Jasalash.kz

Жаңа қоғамдық ұйым елдегі қоғамдық-саяси өмірге араласпақ.

Бүгін Алматыда «Республика» және  «Oyan,Qazaqstan» қозғалысының басшылығымен қоғамдық ұйымдар бас қоспақ.

«Республика» қозғалысы өзініңқұрылғанын және азаматтық қозғалыстармен күш біріктіретінін мәлімдейді.

Қазақстанда «Республика»қозғалысы құрылып, елдің барлық аймақтарының белсенді жастарын біріктірді.Қозғалыс мүшелері саяси реформалардың жүзеге асуы үшін әрекет етеді. Оныңішінде демократиялық институттарды дамыту, азаматтары белсенді демократиялыққоғам құру, елдің заңдарын адам құқықтары бойынша халықаралық стандарттар менміндеттемелерге сәйкестендіру, сонымен қатар саясат пен елді басқаруда ашықтықпен әділетті қамтамасыз ету.

Мақсаттарымызды жүзеге асыру жолындағыалғашқы қадамымыз азаматтық қозғалыстардың күш-жігерін біріктіруге бағытталады.

2019 жылдың 19 маусымында сағат 17:00-те“Гранд Парк Есіл” (Туркиз залы) отелінде Тәуелсіз қозғалыстардың біріккенконференциясы өтеді. Шараның бастамашылары – «Республика» қозғалысы мен  «Oyan, Qazaqstan» азаматтық қозғалысы. Пресс-конференцияғасонымен қатар “Еркіндік қанаты” қоғамдық қоры, көпбалалы аналар қозғалысы жәнеазаматық белсенділер қатысады.

Біріккен қозғалыстар билікпендиалог бастауға негіз болатын талаптарды мәлімдейді, сондай-ақ, Ұлттық қоғамдықсенім кеңесіне қатысты позициясын айқындайды»- делінген баспасөз хабарламада.  

Пресс-конференция қатысушылары:

БэллаОрынбетова, Республика

ГүлімОразбаева, Республика

Айсұлтан Жақыпов, Республика

Мейрамхан Жәпек, көпбалалы аналар қозғалысының төрағасы

Роман Реймер, “Еркіндік Қанаты”ҚҚ

Әсем Жапишева, журналист,“Oyan, Qazaqstan” азаматтық қозғалысының белсендісі

Фото: arasha.kz

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега