Саясат

Қордай қорытындысы: Ассамблеяны тарататын уақыт жетті

«Жас Алаштың» өткен санында Қордайдағықақтығысқа байланысты біраз мәселені айттық.

Jasalash.kz

Жаңа деректерге сүйенсек, қазақпен дүнген арасындағы жаппай төбелес барысында 10 адам көз жұмған. Жараланғанполицейлердің арасында Алматы облыстық полиция департаменті басшысының біріншіорынбасары да бар. Бірнеше сағатқа созылған қақтығыста осынша адамның қазаболып, 100-ден астам кісінің жараланғанына қарағанда, Қордайда кескілескен шайқасболғанға ұқсайды.

Негізінен, қазақ пен дүнгендердіңарасындағы текетірес бұрыннан болған тәрізді. Ол туралы жергілікті тұрғындар қазіргіЖамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездесуде де айтты. Масаншы, Сортөбеауылдарында тұратын дүнгендердің қазақ тұрғындарға қысастық көрсеткені, бұрыннанәлімжеттік жасап жүргені туралы ақпарат әлеуметтік желіде өте көп таралуда. Әрине,«жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды». Егер екі тараптың арасында бұрыннанкеле жатқан дау болмаса, мұндай деңгейдегі қақтығыс болмайтыны анық еді. Демек,6 ақпан күні «бір-біріне жол бермей, артынша 80 жастағы қарияны ұрып-соғу» тек қанасылтау болған. Себебі бұдан тереңде болса керек.

Бұл мәселеде кім айыпты десек,бірінші кезекте билік органдарын атауымыз керек. Біріншіден, қазақ пен дүнгенніңарасында осындай даудың барын, кикілжіңнің болып тұратынын басқа емес, полициямен арнаулы күштер білуі тиіс еді. Білген де болар. Бірақ оны шешудің жолын қарастырудыңорнына мәселені кейінге ысырып, жабулы қазанды жабулы күйінде қалдырып отырған.Екіншіден, қақтығыстың басы 6 ақпан күні болған. 7 ақпанға дейін ресми ақпараткөздері бұл туралы аузын ашпай, ләм-мим демеген. Егер халықты уақытында ақпараттандырып,болған жайды жасырмай, мәселенің мәнісін айтқанда, мұндай жағдайдың алдын алуғаболар еді. Оның орнына биліктің аузына қарап отыратын мемлекеттік БАҚ қақтығысаяқталып, қантөгіс орын алған соң ғана жаңалық тарата бастады. Ақпарат және қоғамдықдаму министрі Дәурен Абаев блогерлерді айыптап, солармен алысқанша, өзініңсаласын бірінші кезекте реттегені жөн еді. Үшіншіден, қақтығыс басталған тұстаполиция қызметкерлері қайда қарады? Әдетте бір адам пикетке шықса, бірнешеполиция жетіп келіп, адамды тұтқындай жөнелетіні белгілі. Ал бұл жолы солполиция қызметкерлері қайда болды? Неге жаппай төбелес басталып жатқанда оқиғаорнынан табылған жоқ? Төртіншіден, Қазақстан халқы ассамблеясының жұмысытиімсіз әрі қажетсіз екені осыдан байқалды. Халық арасында бірліктіжарастырамыз деп жүргендердің үні шықпай қалды. Жұмыстарының өнімсіз, нәтижесізекенін көрдік. Олардың тоғыз депутаты қайда жүр? Тым болмаса біреуі барып, екітарапты бұрыннан табыстырмай, не қарап жүр?

Осы қақтығыстан соң Жамбылоблысының әкімі Мырзахметовтің отставкаға кетуі, облыстық және аудандық полициябасшылығының орнынан алынуы биліктің өз кінәсін мойындағанын көрсетеді. Бірақ бұлтек қана облыстық деңгейдегі басшылықтың қатесі емес. Бұл тұтастай саяси жүйеніңкемшілігі екенін көріп отырмыз. Неге екенін таратып айтайық.

Егер тереңінен қарайтын болсақ,Қазақстан халқы ассамблеясы дегеннің өзі отау ішінен отау тігу болып табылады.Олардың парламентте тоғыз депутаты бар. Қазақстан Конституциясына сәйкес, бірадам бір дауысқа ие болуы тиіс. Ал ассамблея өкілдері екі рет дауыс беріп, өздерініңатынан депутат сайлау құқығына ие. Былайша айтқанда, бұлар өздері бір парламентсияқты органға айналған. Өздерінің атынан депутат сайлау көбінесе федерациялық құрылымыбар елдерде болады. Мысалы, Ресейде федерация кеңесі бар. Оған әрбір аймақтан,автономиялық республикалардан сенаторлар сайланып жіберіледі. Ал Қазақстанда ассамблеяатынан сайлау да сол сияқты дүние емес пе? Ассамблеяға мүше болып отырғанорталықтардың барлық өкілдері Қазақстан азаматтары емес пе еді? Олай болса, бұлардыңатынан депутат сайлап не қажеті бар? Жалпыұлттық сайлауға барып, дауыс беріп,басқа азаматтар сияқты парламенттегі өкілдерін сайласын.

Тағы бір маңызды мәселемынада. Қарап отырсақ, Қордай ауданында тұрып жатқан дүнгендердің басым көпшілігібарлығынан оқшау өмір сүреді. Былайша айтқанда, өз қазанында өзі қайнайды. Өзтілдерінде сөйлейді, араласатын ортасы да өз ұлтының өкілдері. Қазақстан дүнгенбірлестігінің басшысы Хусей Дауровтың әлеуметтік желідегі парақшасына қарасаңыз,жазатыны Қытай жаңалықтары. Көрші ел басшысы Си Цзиньпиннің айтқанын таратып,Бейжің жаққа қарап «ұлиды». «Үш мың дүнген студенті Қытайда білім алды» депкеудесін мақтаныш кернеп те жазады. Тіпті Қытайдың жаңа жылымен де құттықтапотыр. Сонда бұл адамның Отаны қай ел? Өзі тұратын Қазақстан ба, әлде Қытай ма?Тура сол дүнгендердің өкілі Қытайға барып, сол жақтағы телеарналарға сұхбатберіп, қытай тілін үйрену мәселесін көтерген. Бұл не сұмдық, сонда? Міне, осы мәселенібилік неге қарамайды? Дабыл қағып, мемлекеттік, ұлттық мүддені неге көтермейді?Ал енді осындай басшысы бар Қазақстандағы дүнгендердің ойлағаны не? Сонызерттеген, ойлаған адам бар ма?

Жалпы, бұл мәселенің шешімі жоқемес, бар. Ол – Қазақстандағы барлық этникалық топтарды қазақ халқына жақындастыру.Ол үшін не істеу керек? Мемлекеттік тілді үйретуден бастау қажет. Балабақшадан,мектептен мемлекеттік тілді үйретіп, азғана уақыттың ішінде Қазақстанның барлықжастары қазақ тілін білетіндей жағдай жасау керек. Әрине, жасы келгендерді үйретуқиын да болар, бірақ өсіп келе жатқан барлық бүлдіршіндерге мемлекеттік тілді үйретейік.Тіл арқылы жақындастырып, табыстыруға болады. Қазақ мектептерінің санынарттыруды да ойлау қажет. Қарап отырсақ, бізде өзбек, тәжік, ұйғыр мектептерібар. Олардың мектептерін ашудың не қажеті бар? Әрине, үйренем, білем десе, оларөз ана тілдерін меңгерсін. Факультатив курстар ашып, жағдай жасайық. Бірақ тұтастаймектептің не керегі бар? Олар мектеп бітірген соң Қазақстанда оқуын жалғастырса,осы елде өмір сүрсе, бірінші кезекте қазақша білуі керек емес пе?

Өзбекстанда тәуелсіздікжылдары 100-ден астам қазақ мектебі жабылған. Себебі қажеттілік жоқ. Қазақбалалары сол елде тұрғандықтан, өзбек мектебіне барып, бұл елдің мемлекеттіктілінде білім алады. Ал біздегі этникалық топтар неге солай жасамайды?Балаларын қазақ мектебінде оқытып, мемлекеттік тілде білім алсын. Орысмектептеріндегі мемлекеттік тіл сағатын көбейтіп, оларды да қазақ тіліне үйретугекүш салсын. Бір тілде сөйлейтін халықтың бірлігі  күшейеді. Қордайдағыдай қақтығыстар даболмайды. Ал барлығымыз жік-жікке бөлініп, әрқайсысы бұра тартып, депутатсайлап, әр тілде сөйлеп жүрсе, қандай бірлік болуы мүмкін?

Қордайдағы жағдай бір нәрсеніанық аңғартты: егер Қазақстанда күтпеген жерден ши шықса, мына билік тыныштықтысақтап тұра алмайды. Шағын ғана Қордайдағы қақтығысты әрең тоқтатып, басты. Албұл жағдай, құдай сақтасын, үлкен қалада болғанда қайтер еді? Биліктің оны тоқтатуғашамасы жетер ме еді? Күмән көп. Ал оның ақыры мемлекеттігімізге үлкен қатер төндіреді.Тәуелсіздігімізге қауіп болады. Сондықтан осы тұста ойланып, стратегиялық бағдарламаларқабылдап, ұлттық саясатты мықтап қолға алатын кез жетті. Түйеқұс құсап басты құмғатығып, «бұл тұрмыстық кикілжің» деп отыруға болмайды. Себебі оның ақыры жақсылыққаапармайтыны анық.

Фото: Азаттық радиосы.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега