Саясат

Қордай қырғыны мен Ферғана бүлігін салыстыруда не сыр бар?

ЖақындаРесейдің бұрынғы экс-премьері Михаил Полторанин Қордай оқиғасынан «Қытай ізін» індетіп, кеңес заманында өзітергеумен айналысқан «Ферғана қанды қасабымен» салыстырыпты.

Jasalash.kz

Полтораниннің айтып отырған Қордайдағы«Қытай ізі» түсінікті, онсыз да бұл тарапта болжам  айтушылар көп болғандықтан, оған тоқталыпжатпай-ақ қоялық. Ал оның бұдан отыз жыл бұрынғы Ферғана бүлігімен кеше ғанаболған Қордай оқиғасын салыстыруында не гәп бар? Тыңдалық.

Полторанин 1989 жылғы Ферғана оқиғасынмесхеттік түрік пен базардағы өрік сатқан өзбектің  ерегесі мен Қордай оқиғасының жолға таласқанекі көлік иесінің төбелесінен туындағанын мысалға келтіруден бастапты. Айтуынша, бұл екеуі де үлкен шиеленістішенеуніктік тәсілмен түсіндіру ғана. Шын мәнінде сол кезде Өзбекстандамесхеттік түріктерге қарсы алдын ала ұлттық майдан құрылғанын, көз алдындамесхеттік аяғы ауыр әйелдің ішін жарып, әлі тумаған шаранасын  отқа тастаған сұмдық оқиғаны  көзімен көргенін айтады.   Полторанин сол кезде КСРО Жоғарғы КеңесініңФерғана оқиғасына байланысты құрылған жедел тергеу комиссиясын басқарған. 

 Енді осы Полторанин салыстырып  отырған Ферғана оқиғасы шын мәнінде қалайболды, неден туындады, толығырақ тоқтала кетейік.

1989 жылғы Бүкілодақтық ха­лық санағыбойынша КСРО-да 207,5 мың  түрік тұрыпты.Ол тү­ріктердің 90 пайыздан астамы – Оңтүстік Грузияның Түркиямен шек­тесіпжатқан бес ауданында туып-өскендер. Бұл жерлердің көне тарихи атауы Месхетболған­дықтан, «месхеттік түріктер» деген атау осыдан келіп шыққан. Ал не­гізіндеолар өздерін «Ахыска түрік­тері» деп атайды. Кезінде Осман империясыныңқарамағындағы жер болғандықтан, Грузия –  олардың атамекені. 

1928-1937 жылдары Грузияда месхеттіктүріктерді ұлтын өзгер­туге, грузин фамилиясын алуға күш­теп көндіру шараларыжүргізі­леді. Соғыс басталған соң түрік­тер­дің 40 мыңнан астам еркеккін­діктісімайданға аттанған, соның 26 мыңы ұрыста өлген. 1944 жылы қыста Сталинніңбұйрығымен Гру­зиядағы түріктер, жалпы саны 115,5 мың түрік Қазақстан, Қыр­ғызстан,Өзбекстанға күштеп жер аударылады. Оның 17 мыңы жолда қырылған. 1956 жылғадейін КСРО-дағы жер аударылған түрік­тер қатаң коменданттық тәртіпте өмірсүреді, оларға бір ауылдан екінші ауылға туыстарын іздеп шығуға да рұқсатетілмейді. Мұн­дай шектеу 1956 жылы алынған соң ғана бірқатар түрік отба­сы­ларыКавказға қайыра көшіп бар­ды. Дегенмен басым бөлігі Орта­лық Азия менҚазақстанда қалып қой­ды.

Полторанин Ферғана бүлігін Қордай емес,Жаңаөзен көтерілісімен салыстырса, сенер едік. Өзбекстандағы атышулы Фер­ғанакөтерілісі 1989 жылы 4 маусым күні бұрқ етсе, Маңғыстаудағы Жаңаөзен көтерілісі16 маусым күні бастал­ған. Арасы – 12-ақ күн. Бір қызы­ғы, бүліктің екеуі детөбелестен бас­талды. Месхеттік түріктер төбе­лесте бір өзбекті өлтіріп қойған.Ал Жаңаөзенде бір кавказдық лезгин өзімен билемей қойғаны үшін қазақ қызыншапалақпен тартып жіберген. Бұған намыстанған қа­зақ жігіті әлгі лезгинді сабаптас­таған. Үш күнге созылған Жаңа­өзен­дегі қақтығыста үш қазақ, екі лезгин қазаболған… Ал бұрынғы КСРО Орталық Комитетінің ресми мәліметтері бойынша,Ферғана көтерілісінен 113 адам өлген, оның 52-сі түрік, 36-сы өзбек болған,1011 адам ауыр жараланған. Оған қоса 137 солдат және 110 милиция қыз­меткеріәртүрлі жарақат алған, бір милиция өлген. 757 үй мен 275 кө­лік өртелген, 27мемлекеттік ме­кеме қиратылған. 

Ферғана көтерілісінің сұмдық сипаталғанын осыдан-ақ білуге болады. Өзбек тұрғындар месхет түріктердің үйлері менқора-жа­йымен қоса, кейбір жерде өздерін де тірідей өртеп жіберген. Не керек,Ферғанамен қоса Ташкент, Самар­қанд, Сырдария сияқты жеті об­лысты қамтығанкөтерілісте Өзбек­стан­дағы 100 мыңдай түріктің бі­реуін де қалдырмай түре қуыпшыққан. 

Танктің күшімен бір айда әрең басылғанФерғана көтерілісі неден туды? Жаппай тәртіпсіздік шын­ды­ғында, неденбасталды? Бүгінде ұмытылуға айналған ол оқиғаның ұшығына жету енді қиын болар.Алдын ала мұқият ойластырылған саяси акция екені де, стихиялы түрде пайдаболғаны да айтылды. Кезінде «Ферғана оқиғасын» мұ­наралы Мәскеу ұйымдастырды,осылайша түріктердің Грузияға кө­шуін тездетіп, ақырында этни­калық шиеленістудыру арқылы грузин ұлттық азат ету қозғалысын талқандамақ болды дегенпікірлер де айтылды. Мұндай пікірді тудыр­ған сірә сол грузиндердің өздеріболар. Көтерілісті КСРО арнаулы қызмет орындары ұйымдастырған, яғни жаппайтәртіпсіздікке ұлас­тыру арқылы Өзбекстанды Мәс­кеудің табанына қайта салмақболған деген пікірлер де кездеседі. Тіпті бүлікке «ваххабиттер» ара­лас­қандеген де сөз бар. Жалпы, Ферғанада Мәскеудің «антикор­руп­циялық» кампаниясы1983 жылы басталыпты. Осы кампания қарсаңында жалпы саны 20 мың адам сотқатартылған. КСРО Бас прокуратурасының «шаш ал десе, бас алатын» тергеушілеріГдлян мен Иванов бастаған репрессияның ауқымды болғаны сондай, 1986-1988 жылдарысотталғандардың туыстары бірнеше рет стихиялық демонстрация жасаған. 1988 жылықазан айында Ферғана облысының бірінші хатшысы Омаров ұзақ жыл­ға басбостандығынан айыру жазасына кесіледі. Оның орнына Шовкат Юлдашов дегенкеледі. 

1988 жылы желтоқсан айында Ташкенттеорыс пен татар ұлтына қарсы плакат көтерген үлкен ми­тинг өткізілген. ӨзбекстанІІМ-нің деректері бойынша, 1989 жылы Ташкентте сәуір айында өзбек жас­тары менбасқа ұлт жастары­ның арасында үлкен ауқымдағы қақтығыс болған. Артынша болғантөбелесте бір өзбекті бір түріктің өлтіріп қоюы жоғарыдағы сұмдық қақтығысқаалып келген. «Тү­ріктер тек наша таратумен, ұрлық­пен айналысады, пайдалы жұмыс­пенайналыспайды, бірақ өзбекке қарағанда өте бай тұрады, жас өз­бек қыздарынзорлайды, сәбилерді өлтірген» деген жел сөздер жұрттың ашу-ызасын көтеріпжіберген... 

Ферғана көтерілісінен соң Өз­бекстандағытүріктер тек Қазақ­станға емес, Әзірбайжан, Украина, Ресей, кейінгі жылдарыТүркия мен АҚШ-қа қарай ауды. Бірақ жылы жер табу оларға оңай болған жоқ.Ресейдің Краснодар өлкесіне ауып барған түріктер ондағы жер­гілікті жұрттыңқудалауына ұшырады. 

Кеңес одағы құлаған соң Қа­зақ­станғаауып келген басқа ха­лықтар өздерінің шыққан жерле­ріне орала бастады, бірақтүріктер тарихи отандарына қайтқан жоқ. Туған жерлері Грузия шекарасын тарсжауып алды. Түркия қабыл­дағысы келгенмен, ол Ахысқа тү­ріктерінің туған жеріемес. Сөйтіп, өз үйіндей үйреніп қалған Қазақ­стан жерінде біржола орнығыпқалды. Ресми мәлімет бойынша, қазір қазақ жерінде 84 мың түрік (2005 жылғы есепбойынша) тұ­рады. Ал шындығында, өздерін Қазақстанда 200 мыңдай адам бармыз депесептейді. Оның себебі көптеген түріктердің төлқұжатын­да кезіндегімәжбүрлікпен ұлты «әзірбайжан» болып көрсетілген. Бірге туған екі азаматтыңбірінің ұлты – түрік, екіншісінің ұлты «әзірбайжан» болуы аз кездеспейді.

Қазақстандағы түріктер ең көпшоғырланған аймақ – Алматы об­лысының Қарасай ауданы. Аудан­да 16 мың түріктұрады делінеді. Қазір Ал­маты облысының бірнеше орта мекте­бінде, түрікдиаспоралары жинақ­талып тұратын жерлерде түрік тілі сабағы өтеді. ТүрікРеспубликасы елшілігі оқулықтармен қамтама­сыз етеді. Түрік ұлттық орталығы же­містіжұмыс істеуде. 2000 жыл­дан бастап «Ахыска» түрлі-түсті газеті үш тілде (қазақ,орыс, түрік) шығарылып келді. Қысқасы, Қазақ­стан­дағы түріктер өздерініңмәдени және рухани дәстүрлерін қа­лауынша дамытып отыр. 

2004 жылы Ресей мен АҚШ үкіметтері,Халықаралық миг­рация ұйымы бірлесіп, Краснодар өлкесінде тұратын месхет түрік­тердіАҚШ-қа қоныстандыру бағдарламасын бастады. Бүгінде сол бағдарламаға іліккенмыңда­ған түріктер АҚШ-тың алпыс қа­ла­сына жайғасып үлгерген. Ал Грузияпарламенті 2007 жылы кезінде Қазақстан мен Орта Азия­ға жер аударылған месхеттүрік­тердің тарихи отанына қайтуына болатыны турасында заң жобасын қабылдады.Бірақ ата қонысы –  Грузияға барғысыкелетін түрік­тердің саны мүлдем мардымсыз екен.

Мұның бәрі сөзіміздің басында мысалғанкелтірген Михаил Полтораниннің Ферғана бүлігі мен Қордай оқиғасын салыстыруынаншығып кетті. Шын мәнінде екеуі салыстыратындай нәрсе емес еді. Полторанин шынмәнінде не айтқысы келді, нені ішіне бүгіп қалды, сол бізге түсініксіз…

ТөреғалиТӘШЕНОВ

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега