Қордайдағы жанжал: Масанчи трагедиясының мән-жайы анықталды
Масанчидегіжанжалдан 8 адам көз жұмып, 40 адам жараланды. Бұл жөнінде Ішкі істерминистрлігі хабарлады.
Бүгін елордадағыОрталық коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ІІМ ЕрланТұрғымбаев Қордай ауданындағы жанжалдың жай жапсарын айтты.
«Жамбыл облысында болған оқиғада жарақат алған 8 адамөкінішке орай, көз жұмды. 40 адам түрлі дене жарақаттарын алды», — дедіминистр.
Бұдан бөлек,Тұрғымбаевтың сөзінше, жанжал салдарынан 15 дүкен, 30-дан астам тұрғынүй, 28автокөлік өртенген. Оқиғаға қатысты деген күдікпен 47 адам ұсталып, оныңекеуінен қару тәркіленген.
Бұған дейін,президент Қасым-Жомарт Тоқаев Масанчиде болған жанжалдан көз жұмғандар барекендігін растап, құзырлы органдарға тексеру жұмыстарын жүргізуді тапсырған.
Ақпанның 7-і күніЖамбыл облысы Қордай ауданына қарасты Масанчи ауылында қазақтар мен дүнгендерарасында жанжал болғандығы жөнінде әлеуметтік желілерде видеолар тараған. Кейінненжергілікті полиция оқиғаның бақылауға алынғанын айтып, жанжалдың шығу себебін тәртіпсақшысы мен тұрғындардың бірінің арасында болған кикілжіңмен байланыстырған.
Бірақ, бейресмиақпарат бойынша, қазақтар мен дүнгендер арасындағы жанжал 80 жастағы қарияныңсоққыға жығылуынан басталған. Масанчи ауылының тұрғындары, этникалық дүнгендер80 жастағы ақсақал мен оның екі ұлын соққыға жығып, қарияның бел омыртқасынсындырған.
Фото: Әлеуметтік желіден.