Әлеумет

Қорғаныс шебін құрған мектеп

Ақмолаоблысына қарасты Атбасарда 2017 жылы тасқыннан 500 денастам отбасы зардап шеккен болатын.

Jasalash.kz

Биыл да мұндай жағдай қайталануы мүмкіндейді төтенше жағдай мамандары. Себебі, тұрғындардың құтын қаштырған Жабайөзенінің деңгейі күннен-күнге көтереліп келе жатыр.   

Сәуір болмай, тәуір болмас. Десе де, сәуір айыкерісінше Атбасар халқы үшін ең үрейлі уақыт. Үш күннің ішінде асау өзенЖабайдағы су деңгейі 90 см көтерілген. Биіктігі 3 метр 60 см-ді құрап отыр. Қауіпті деңгейгежетеқабыл.

«Былтырғы жылменсалыстырғанда су мөлшері көп. Төтенше жағдай мамандары су басу мүмкін депескертіп жатыр», – дейді Атбасарқаласының тұрғыныВиктор САМОЙЛОВ.

Қаланы қалқандап тұрған ескі бөгет сол қалпында. Тексу шайған тұстарын қайта бітеген. Азаматтық қорғаныс бөлімі басшысының айтуыншаЖабай өзенінің тасқынымен күресуге 50 құтқарушы мен 16 техника жұмылдырылған.2017 жылы су астында қалған бөгетке жақын орналасқан үйлердің тұрғындары жаңаүйлерге көшірілген. Алайда,қауіпті аймақта 650 балаға арналған мектеп пен арнайы түзету мектеп-интернатықалып отыр. 

 «Мектептердің айналасын биіктігі 1 метр құрайтын 8 жарым мың құмсалынған қаптармен қоршадық. Бұл жұмыстар сабақтарға кедергі келтірген жоқ», –дейді Ақмола облыстық ТЖД азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы Асхат АҚЫЛЖАНОВ.

Қауіпсіздік үшін 1қабаттағы оқушылар жоғары қабаттарға көшірілген. Ал өзен арнасының еркінжылжуына сағаларда ешқандай кедергі жоқ деп сендіріп отыр құтқару мамандары. Айтакету керек 2017 жылы Жабай өзенің деңгейі 6 метрге көтеріліп, 500 дей отбасы зардапшеккен болатын.

Фотолар автордікі.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега