Әлеумет

Қорғаста Қытайға 620 ақбөкен мүйізін заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

ҰҚК Шекара қызметі "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығында ақбөкен мүйіздерін Қытайға заңсыз алып өту әрекетін тоқтатты.

Фото: ҰҚК

 Оқиға 20 қазанда болған. Тәркіленген 620 ақбөкен мүйізінің қара нарықтағы жалпы құны шамамен 180 млн теңгеге бағаланады.

Оқиғаға қатысты материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзыретті органға жолданады.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу барысы туралы өзге ақпарат жарияланбайды.

Сайт Әкімшілігі