Қорқытып қолхат жаздырып алған
Сот қолхатнегізінде 7,8 миллион теңге айыппұл салғанБүгін де жақын адамдардың соттасып, бір-бірінендүние-мүлік даулап жүргендер аз емес.
Біз әңгіме еткелі отырған бұл оқиға дасоған ұқсас.
Қанша дегенмен, дүние-мүлік көздің құрты ғой. Отағасықайтыс болғаннан кейін оның жұбайы мен баласы ар-ұятты жинап қойып, туғанағайынымен соттасып, ауылды у-шу қылып отыр. Бәріне бір Алла куә. Бір кездеріәулиеаталықтар Хамбаровтар әулетін жақсы танитын. Жолсейіт Хамбаров кеңесзаманы кезінде лауазымды қызметтер атқарып, зор құрметке ие болған жан еді.Оның екінші ұлы Серік Хамбаров құрылыс компаниясын құрып, осы өңірдің сәулетінарттыруда аянбай еңбек етті. Әттең, жайсаң жігіттің ғұмыры қысқа болды. 2016жылы аяқ астынан жүрек талмасынан қайтыс болып, тепсе темір үзетін жасындажалған дүниені тастап кете барды. Міне, даудың бәрі сол Серік марқұмның жылдықасы өткеннен кейін басталыпты.
«Жас Алаш» газетінің Жамбыл облысындағы қосынына осы даубойынша Жуалы ауданынан Рәт Бердалиев арызданып келген еді. Біз бұл кісіменбірге Жуалы ауданы, Қошқар ата ауылдық округіне қарасты қиырдағы Қызтоғанауылына барып, осы оқиғаның анық-қанығын білетін біраз азаматтарменәңгімелестік.
РәтБердалиев, Қызтоған ауылының тұрғыны:
– Әкемнің туған інісінің баласы, яғни немере ағам СерікЖолсейітұлы Хамбаров 1999 жылы мені шақырып, малын сеніп тапсырған адамдарит-құсқа жем қылып жатқанын айтып, қалған 20 жылқысын бағып беруімді сұрады.Мен келісіп, ауылдағы «Газ-53» көлігі бар Сағынғали Әбдікерімов деген жігіткеөтініш айтып, Талғат Оңалбеков деген жігіт үшеуміз ағамның айтқан мекен-жайыбойынша Жамбыл ауданы, Қызыл октябрь ауылына малды алып қайтуға бардық.Сөйтсек, Секең малын берген кісі қайтыс болып кеткен екен, оның баласы Тілеудеген жігіт «ағаларыңның қалған жылқысы мынау» деп 2 құлынды бие, 2 айғырберді. Біз сол 6 бас жылқыны ауылға алып қайттық. Бұл сол жылдың тамыз айыболатын. Ағайын адамдар болған соң арамызда ешқандай келісімшарт болған жоқ.Тек ағамның айтуымен жылда бір жылқы бордақылап, соғым жеткізіп беретін болыпкелістік. Сол жылы қыста айғырдың біреуін соғымға байлап, етін жеткізіп бердім.Кісінің дүниесі кінәмшіл келеді емес пе, келер жылы көктем шыға биенің біреуін қасқыртартып кетсе, артынша айғырдың біреуі жерсінбей арам өлді. Одан Серік ағам хабардар.Содан менде ол кісінің бір бие, екі тайы қалды. Оларды өсіріп-көбейтіп келдім.Ағам екеуміздің келісімімізбен ол әулетке жылда 1 жылқыны бордақылап, соғымға апарыпберіп тұрдым. Одан бөлек 2002 жылы Секеңнің әкесі Жолсейіт көкеміз қайтыс болғандақырқына бір, жылдығына бір тай, 2007 жылы шешесі Кеңескүл жеңгей өмірден өткенде1 жылқы жеткізіп бердім. Жалпы, 1999-2015 жылдары аралығында 16 соғым, 3 тай,ұзын-ырғасы 19 бас жылқыны жеткіздім. Сөйтіп, ағам екеуміз сол жылы, көзі тірісіндеқол алысып, қарыз жабылды деп тарқастық. Өйткені, ағам әу баста 6 бас жылқы бергенменқора-жай, жем-шөбі, жылқышының ақысын төлеп тұрған жоқ.
Ал келер 2016-шы жылы Серік ағам қайтыс болды. Бұл дау ағамның көзі кеткеннен кейін басталып отыр.Сол үйдегі Айша жеңгей ағаңнан алған жылқылардың қалғанын қайтардеп 2018 жылы қиғылықсалды. Алғашында 30 жылқы бересің деді, кейіннен 16 бас жылқы қарызсың деп, некерек бір күні баласы Әлішер ауылға «Джиппен» өзімен қосқанда 5 жігіт болып келіп,мені тауға алып кетіп қорқытты. Егер, жылқы қарыз екенің жөнінде қолхат жазып бермесеңбалаңды көрмейсің, үйіңді өртеп кетеміз деп доқ көрсетті. Бұл 2018 жылдың наурызайының 4-і болатын. Мен тауда солардың айтуымен, жанымүшін, балаларымның өмірі үшінқорыққанымнан «Беретінім Әлішерге 22 бас. Бердалиев.Р.А» депқолымдықойып, күнінжазып еріксіз тілдей қағазға қолхат жазып бердім.
Әлішердің жанындағы жігіттер «Құқық қорғау органдарына айтсаң,бізден жақсылық күтпе» деп ескертті. Мен бұл жайында ешкімге тіс жармадым.Арада бір жыл өткенде, былтыр көктемде сол қолхат негізінде олар менің үстімненталапкер ретінде сотқа арыз беріпті. Осылайша, жоқ жерден жауапкер болып шыға келдім.
Сорақылығы сол, сотта талапкер ӘлішерХ амбаровтың менен даулапжүргені 1999 жылы әкесі Серік Қамбаров берген жылқылар болса да, судья БақытжанМүлкібаев 10.09.2019 жылғы №3142-19-00-2/236 шешімінде Әлішер маған 2018 жылы4-ші наурызда 25 бас жылқы апарып беріп, сол жылқыларды 2019 жылы қайтару үшін сотқаарыз жазған етіп көрсеткен. Әлішер маған 25 жылқы тұрмақ 25 тиында берген емес.Осылайша, судья Б.Мүлкібаев сот процесін біржақты жүргізіп, Ә.Хамбаровқа 7 834002 теңге өндіріп беру туралы шешім шығарды.
Егер олай болса, 1999-2019жылдар аралығындағы ол жылқыларды20 жыл баққаным үшін еңбекақымды, жем-шөптерін, қора-жайға жұмсаған қаржы шығындарымдыөндіріп бермей ме?
Жеңгеміз Айша әруақтан қорықпай осының бәрін әдейі істеп отыр.Әйтпесе, Серік ағамның көзі тірісінде маған қарызың жабылды дегенін біледі.Бірақ, Серік ағам қайтыс боларының алдында Айша жеңгеймен ажырасуға арыз берген.Өйткені, Айша жеңгей күйеуінен қомақты қаржы, естуімізше 400 мың АҚШ долларын өзініңағасына қарыз алып берген. Алайда, қарызды қайтаратын уақыт келгендеқ айынағасы«мен сенен ақша алғаным жоқ, Айша маған бермеді» дейді. Секең сотқа арызданғанындаол күйеуіне қарсы дәлел келтіреді. Біз туысқандары Серік ағам сол күйікті көтереалмай қайтыс болды деп Айша жеңгейге өкпеледік. Бірақ, олар заңды түрде ажырасыпүлгермей, ағам жүрек талмасынан қайтыс болып кетті.
ДидарБайгөбеков,жылқышы:
– Мен Бердалиевтер әулетінің мал-жанына қарасып, көмектесіпкеле жатқаныма 7 жылдан асты. 2018 жылы Әлішер бір топ жігіттермен фазендажаққа да келген болатын. Наурыз айының басы болатын. Рәт ағаны салып алыпты.Саятбек деген кісіні таныдым арасынан. Маған жылқыларды айдап кел деп бұйырды.Мен ол жылқылардың иесі Рәт аға ғана емес, басқа да бауырларынікі екенін, әрі таудыңішінде 20 шақырым жерде екенін айтып, өздерің айдап келіп алыңдар дедім. Қорқытып-үркітіпкөріп еді, атыма міндім де шауып кетіп қалдым. Арғы жағын білмеймін.
ҚайратСембеков,мектепқарауылы
–Сол күні мектептің ауласында жүргенмін. Бір «Джип» көлігікеліп тоқтады. Біздің ауыл ең шеткері жатқан елді мекен болғандықтан мұндай көліктержайшылықта келе бермейді ғой. Мені шақырып алып, ішінен біреуі қазір 20 шақты жылқыайдап келетінін айтып, соны КамАЗ-ға тиеуге көмектесуін өтінді. Жігіттер болса,шақырсаңыз деді. Еңбектеріңді береміз, ренжітпейміз деген соң бір-екі жігітті шақырдым.Бірақ, олар мұндай мақсатпен жүр деп ойламадым. Алайда, олар о лкүні келген жоқ.
… Бұл ретте, марқұм Серік Хамбаровтың туған ағасы ЗәкірХамбаров және туған әпкелері Шынар мен Гүлнәр Хамбаровалар да Бердалиев Рәтқакінә артпайды. Осы орайда олардың қолхаттарынан үзінді келтіре кетсек.
«Осыдан жиырма жылдан астам уақыт бұрын әкеміз ЖолсейітХамбаровбаласы, біздің бауырымыз СерікХамбаров арқылы Жуалы ауданының Қошқарата ауылдықокругінде тұратын немере інісі Бердалиев Рәтқа ірілі-ұсақты алты бас жылқыны бағуүшін берген еді. Біздің бауырымыз Серік жыл сайын Рәттан бір жылқы соғым әкеліп,оны бәрімізге таратып беріп тұрды. Әкеміз бен анамыз қайтыс болғанда да сойыс малдыРәт жеткізіп берді. Осылайша бауырымыздың Рәтқа берген жылқысы таусылды.Сондықтан Әлішер Хамбаровтың Бердалиев Рәттан ол жылқыларды даулап, талап етугеешқандай құқы да, оған негізде жоқ. Демек, біздердің, яғни Хамбаров Жолсейіттіңперзенттерінің БердалиевРәтқа қоятын ешқандай талап-тілегімізжоқ».
Қысқасы, аудандық соттың шешіміне ауыл да, ағайын дааң-таң болып жүр. Екі ортада ағайына арасына іріткі түсті. СондықтанБердалиевтер әулеті жоғарғы жаққа арызданып, әділдік іздеуді тоқтатпаймыз депотыр.
НұрболатӘЛДИБЕК,
Жамбылоблысы