Саясат

Қосанов Тоқаевтың жеңісін мойындады

«Ұлт тағдыры» қоғамдық қозғалысына президенттікке түскенӘміржан ҚОСАНОВ Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫ жеңісімен құттықтады.

Jasalash.kz

Қоғамдық пікіринституты exit poll нәтижесін жариялаған еді. «Нұр Отан» партиясынан түскен кандидат70, 13 пайыз дауыс жинаған.

Оппозициялық саясаткер Әміржан Қосанов Qazaqstan ұлттықтелеарнасына берген сұхбатында Қасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫН құттықтаған.

«Сайлаудыңнәтижесінде жеңіске жеткен президент Қасым-Жомарт Тоқаевты және оның осы сайлаунауқанында айтқан электоралды процесске қатысты, оның ішінде билікпен қоғамарасындағы диологты қалыптастыру, балама пікірге, сыни пікірге төзімді болу туралыойларын қолдай отырып, осы жеңісімен құттықтаймын», — деді Әміржан Қосанов.

Еxit poll нәтижесін бойынша Әміржан Қосанов 15, 39 % жинаған.Қалған бес кандидат 6 % жинайалмаған.  Оппозициялық саясаткердіңайтуынша, Қазақстан демократиялық күштерінің бірікпеуі және шетелде жүргеноппозицияның «бойкот жариялауы» жеңіліп қалуына себеп болған.

Фото: ehonews.kz

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега